Алматы облысының бұрынғы бас полицейі Күдебаев тағылған айыппен келіспейді

© Sputnik / Жанна Етекбаева Алматы облысының бұрынғы полиция бастығы генерал Серік Күдебаев
Алматы облысының бұрынғы полиция бастығы генерал Серік Күдебаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 ақпан - Sputnik. Талдықорғанда Алматы облысының бұрынғы полиция бастығы генерал Серік Күдебаев ісі бойынша жарыссөз болды. Күдебаев өзінің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп есептейтінін айтып, өзін ақтауды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қыдырбаев соттан Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ айыптаушы тарап сотталушыны арнайы атағы пен мемлекеттік наградалардан және мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыруды талап етеді.
© Sputnik / Жанна Етекбаева Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қыдырбаев соттан Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады
Гособвинитель Ерлан Кыдырбаев попросил суд назначить Кудебаеву наказание в виде 9 лет лишения свободы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қыдырбаев соттан Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады
"Күдебаев қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылсын. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 146-бабы, 2-бөлігі, 1,3-тармақтары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазаны ішінара қосу арқылы 9 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 46-бабына, 5-бөлігіне, 2-тармағына сәйкес - жазаны өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1,2-бөлігіне сәйкес, "полиция генерал-майоры" арнайы атағынан және 2-дәрежелі "Даңқ" және "Айбын" мемлекеттік наградаларынан айырылсын. Ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы жойылып, сот залында қамауға алынсын", - деді прокурор.
Күдебаев бұл айыппен келіспейтінін айтып, қылмыстық қудалауды тоқтатып, ақтауды талап етті.
"Алдын ала тергеу барысында қылмыс құрамы мен негіздің болмауына байланысты біз адвокаттармен қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірдік. Барлығы ғимаратты қорғау жөніндегі арнайы жоспарға сәйкес жүзеге асырылды. Ол жерде болған және болып жатқан жағдайға байланысты қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі өзгеретіні айтылған. Бұл қиын жағдайда біз үшін азаматтарымыздың өмірі маңызды болды. Мен Қазақстан Конституциясын басшылыққа ала тұрып, бейбіт тұрғындарды, оның ішінде әйелдер мен балаларды құрбан етпеу және жарақатын болдырмау үшін эвакуациялау туралы шешім қабылдадым", - деп атап өтті Серік Күдебаев.
Еске сала кетсек, Алматы облыстық полициясының экс-басшысы Серік Күдебаев былтыр қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және азаптағаны үшін айыпталып жатыр. Генерал өзінің қарамағындағыларға департаменттен кетуді бұйырған. Салдарынан бүлікшілер облыстық және қалалық полиция ғимаратын басып алып, қаруды жаппай ұрлап кетті.
Жаңалықтар
0