Видео

Асыр салып ойнап жүрген қар барысының күшіктері видеоға түсіп қалды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы "Байбоосун" қорығының аумағында орнатылған камералардың біріне түсіп қалған қар барысы күшіктерінің видеосы жарияланды
Sputnik

Барыстың күшіктері цифрлық "бақылаушыдан" мүлдем қорықпайды, олар объектив алдында асыр салып ойнап жүр.

Қорық қызметкерлерінің айтуынша, "Байбоосунда" төрт қар барысы бар.

Қар барысы өткен ғасырда Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітабына енгізілді. Қазіргі уақытта бүкіл елде барысқа аңшылық жасауға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: