Оқиға

Аландарымен бірге "Алтынемел" ұлттық паркінде жүрген қар барысының видеосы

CC0 / 3342 / Снежный барс
Снежный барс  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Министрліктің хабарлауынша, қазір парк аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының қар барысын сақтау жөніндегі жобасы іске асып жатыр

АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Қар барысы "Алтынемел" ұлттық паркінде фототұзаққа ілікті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жолы Қызыл кітапқа енген жыртқыш аңдардың тұтас отбасы – аналық барыс және оның екі аланымен бірге жүрген видеосын жариялады.


Бұған дейін "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде аталық барыс тіркелген еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Министрліктің хабарлауынша, қазір парк аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының қар барысын сақтау жөніндегі жобасы іске асып жатыр.

Жоба барысында мамандар ұлттық парк аумағына бірнеше фототұзақ орнатқан.
Ғалымдар барыстың бұл аумақта пайда болуын түсіндірді. Өйткені 2017 жылдан бері осы паркте қар барысының негізгі қорегі – Сібір тау ешкісіне әуесқойлық және трофейлік аңшылыққа шектеу қойылған.

Ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау үшін мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынып отыр. 

Бұл "Алтынемел" тау сілеміндегі қар барысы популяциясының кедергісіз көшуіне және сақталуына ғана емес, сондай-ақ ұлттық паркте арқар, Түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал етеді.

Жаңалықтар
0