Өңірлер

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында жүрген қар барысының видеосы жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинКольсайские озера
Кольсайские озера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Қар барысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлем бойынша оның саны 7 мыңнан аспайды

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысы фототұзаққа ілікті.

Жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылауға арналған видео кадрларын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ұлттық саябақ аумағында 16 қар барысы бар. "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш бұған дейін де "Көлсай көлдерінде" тіркелген еді. Саябақ мәліметінше, қазір мұндағы жыртқыштар саны бойынша тұрақтылықты сақтап отыр.

Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлем бойынша оның саны 7 мыңнан аспайды.

Жаңалықтар
0