Өңірлер

Павлодарда медбике вакциналау паспортын сатты деген күдікпен ұсталды

Медбике екпе туралы жалған мәлімет енгізіп, вакциналау паспортын қолдан жасап бергені үшін азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақша алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Павлодарда полиция қызметкерлері қала емханаларының бірінің медбикесі коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау паспорттарын сатқанын анықтады, деп жазды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі медбике сол үшін азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақша алғанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 247 – бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін ұстады.

Оқи отырыңыз: