Өңірлер

Түркістан облысында медицина қызметкерлері вакцина паспортын қолдан жасап келген

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронды вакцина паспорты
Электронды вакцина паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Мән-жайды анықтау үшін күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Түркістан облысында медициналық мекеменің екі қызметкері жалған вакцина паспортын жасаумен айналысқан. Тергеу жүріп жатыр.

Қазығұрт ауданының полиция бөліміне үш жергілікті тұрғын жалған вакцина паспортын алғаны туралы жедел ақпарат түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында медициналық мекеменің екі қызметкерін анықтады. Олар қызметтік өкілеттігін пайдаланып, вакцина паспорттарын қолдан жасап, сатқан.

Күдіктілер мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, медицина қызметкерлері жергілікті үш тұрғынға жалған вакцина паспортын жасап берген.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0