Өңірлер

Маңғыстауда дәрігерлер 150-ден астам вакцина паспортын сатқан

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Полиция вакцина паспорттарын сату ісін жолға қойған бір топ медицина қызметкері мен делдалдарды ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы екпе салмастан вакцина паспорттарын беру фактісін анықтады. Ұсталғандар 150-ден астам құжатты заңсыз бергенін мойындап отыр.

Барлығы сегіз адам ұсталды, деп хабарлайды inaktau.kz Маңғыстау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Вакциналау процедурасын өткізбестен жалған вакцина паспорттарын сатты деген күдікпен сегіз адам анықталды, олардың арасында дәрігерлер мен делдалдар бар", - деп нақтылады өңірлік полиция ведомствосы.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, деректер базасында ресми тіркелген әр құжат үшін дәрігерлер 30-50 мың теңге алып отырған. Қазір ұсталғандар 150-ден астам вакцина паспортын заңсыз бергенін мойындады.

Тағы оқыңыз: Құны – 20 мың теңге: Шығыс Қазақстанда екі дәрігер мен олардың сыбайластары ұсталды

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-тармағы "Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, фигуранттар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0