НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 10 қазанда жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың оңтүстік-батысы, батысында антициклон әсері сақталып, күн ашық болады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын күтіледі.
"Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі", - деп хабарлайды синоптиктер.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ түседі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман болады, оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/-ке дейін жетеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.