Оқиға

Ақмола облысында жауған қардың салдарынан бір отбасы опат болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАвтокөліктің сынған әйнегі
Автокөліктің сынған әйнегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Ақмола облысының Астрахан ауданында жол апаты салдарынан бір отбасындағы үш адам қаза тапты. Апат қардың салдарынан болған, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Жүргізуші рөлге ие бола алмай, талға соғылған - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі ауыр жараланды

Жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні сағат 10.40-та Алматы — Екатеринбург автожолында болды. Астрахан ауданының Колутон ауылынан 15 километр жерде Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған. Шетел көлігі Алматы облысының Сарыөзек елді мекенінің тұрғыны мінген DAF автокөлігімен соқтығысқан. 

Салдарынан Volkswagen Transporter жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде жан тапсырған.  

Қаза тапқандар бір-біріне туыс болып келетіні анықталды.   

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп түйіндеді баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0