Өңірлер

Боран, көктайғақ және тұман: қазан айында ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевСильная метель в Нур-Султане
Сильная метель в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Орташа ауа температурасы әдеттегі нормаға сай. Жауын-шашын мөлшері де елдің басым бөлігінде норма шамасында болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері елде қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты.

Күздің екінші айында солтүстік өңірлерде боран соғып, қар түседі, деді синоптиктер. 

Орташа ауа температурасы әдеттегі нормаға сай. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігі мен Түркістан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде нормадан 1 градус жоғары.

Жауын-шашын мөлшері де елдің басым бөлігінде норма шамасында. Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Қостанай облысының оңтүстігі, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын нормадан аз болады. 

Метеорологтар болжамына сәйкес, Скандинавия және Бранцев теңізінен келетін суық антициклон Ресейдің еуропалық аумағымен өтіп қазанның басында Қазақстанның батысындағы ауа райына әсер етеді. 

Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс мен орталықта жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте бұрқасын болады.

Бірінші онкүндікте солтүстік-батыс антициклоны батыс өңірлерге жетеді. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз плюс 10-15. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен орталықта температура түнде -5-тен +5 градусқа дейін, күндіз 3-10 градустан 0 - плюс 5 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында түнде үсік жүреді. 1-3 градус, күндіз 5-13 градус жылы. Бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап күн жылынады. Елдің басым бөлігінде 10-12°C.

Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Жерорта теңізі мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массасы келеді. Күндіз плюс 13-18 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік-батыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста сынап бағанасы плюс 25-ке дейін көтеріледі.

Жаңалықтар
0