Өңірлер

Қар, бұршақ, тұман: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : СС0 / Hans BraxmeierГрад
Град - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Жазылу
Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар облыста жауын-шашын түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде бұршақ жауып, тұман болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 10 қазанда жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың оңтүстік-батысы, батысында антициклон әсері сақталып, күн ашық болады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын күтіледі.

"Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі", - деп хабарлайды синоптиктер.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ түседі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман болады, оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/-ке дейін жетеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0