Әлем

Мұнай алыптары тақтатас өндірісін құтқарып жатыр – соңы не болады

АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қазіргі жағдайы мен соған қатысты болжамдар әлі де өзекті тақырып болып отыр
Sputnik

Өндірістің көп бөлігі тақтатас мұнайына қатысты, ал ол инерция, компаниялардың қаржылық жағдайымен бірге әлемдік мұнай нарығының теңгергіші болып табылады, деп жазады РИА Новости.

Тақтатас өндірісі: АҚШ мұнай өндіру саласында құлдыраудан рекорд жасайды 
Американың энергетика министрлігінің апта сайынғы есептерінде өндіріс көлемі айқын көрініп тұр. Наурыз айында тәулігіне 13 миллион баррельден 10,5 миллион баррельге дейін күрт төмендеу болды. Яғни, 20%-ке төмендеді. Ал одан кейін дауыл маусымында бұл көрсеткіш айтарлықтай ауытқыды. Бұл статистика тақтатас және құрлықтағы, Мексика шығанағындағы теңіз өндірісіне де қатысты. Ресми сандар бойынша АҚШ-тың жалпы өндірісі тәулігіне он миллион баррельден де төмен, бірақ апталық деректер өзгеріп отырады. Сондықтан олар жалпы тенденцияны көрсетеді.

Әрі қарай не болады? Өндірістің дәстүрлі озыңқы индикаторы жұмыс істеп тұрған бұрғылау қондырғылардың санына да тікелей байланысты. Осы жерде наурыз оқиғаларынан кейін оның 682-ден 172-ге дейін түскенін байқауға болады. Содан кейін қазірге дейін 205-ке дейін қалпына келді. Бұрғылау үш есе төмендеді, ал өндіріс 20%-ке азайды.

Өндіріске әсер ететін маңызды фактор – қазірдің өзінде бұрғыланған, бірақ гидравликалық сынақ жүргізіліп, аяқталмаған ұңғымалар. Қазір ондай 7,7 мың данасы бар, бұл – айтарлықтай ірі көлем. Егер ол жерде гидравикалық сынау жүргізілсе, жаңа бұрғылау төмен болғанына қарамастан, ұзақ уақыт бойы өндірісті ұстап тұра алады. Өткен жылы аяқталмаған ұңғымалардың көлемі айтарлықтай өзгерген жоқ. Яғни, мұндай ұңғымаларды енгізу бұрғылау санының бірнеше есе төмендеуі аясында бұрын өндірісті қолдады деп айтуға келмейді. Қазір аяқталмаған ұңғымалардың саны аздап төмендей бастады, ең бастысы, Американың энергетика министрлігі өзінің соңғы болжамында аз бұрғылау қондырғысымен өндірісті қолдау резервін құратынын айтты. Қарашада бұл шолу АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің төмендейтінін болжап отыр.

Бір сөзбен айтқанда, тақтатас істерінде айқын емес тұстар көп. Соның нәтижесінде ұйымдардың болжамы жан-жаққа таралады. Жалпы өндірістің тәулігіне 11,5-12 миллионға дейін өсуі 2021 жылдың ортасына қарай он миллион баррельге дейін жетеді.

"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па
Сонымен қатар тақтатас компанияларының белгілі қаржылық қиындықтары да осыған байланысты туындайды. Шығындарды үнемдеу үшін бұрғылау көлемі азаяды, демек өндіріс аз болады. Оның салдары қаржыға да әсер етеді. Қазірдің өзінде банкрот болып жатқан шағын компаниялар бар.

Дағдарысқа дейін АҚШ-тың екі ірі мұнай-газ компаниясы ExxonMobil және Chevron қазірдің өзінде тақтатас өндірісіне қаржы салып, тіпті жасырын жарыс ұйымдастырды. Нәтижесінде, осындай жағдайда ірі компаниялар тақтатас өндірушілердің қарыздарын немесе тіпті банкрот болуына байланысты сатып алады деген пікір пайда болды.

Мұндай жағдай қазірдің өзінде болып жатыр. Жақында ғана ConocoPhillips Concho Resources тақтатас өндірушіні 9,7 миллиард долларға сатып алғанын жариялады. Осылайша, тағы бір америкалық мұнай алыбы бір уақытта үлкен тақтатас өндірісіне айналады. Сатып алу ақша түрінде емес, акциялармен алмасу түрінде болды.

Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Компаниялар көлемді экономикалық ұтысты күтеді, жақын орналасқан өндіріс орындарын иемденеді. Соның арқасында алып компаниялар қарыздық жүкте мәселесін екінші орынға ығыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ірі компаниялар қарызды қайта қаржыландыру үшін едәуір арзан несие ала алады.

Бір сөзбен айтқанда, бәрі жыл басында ойлағандай болады. Яғни, барлығы трансұлттық компания есебінен өмір сүреді. Ал пандемия бұл процессті жылдамдатуға атсалысты. Алайда мұнай саласындағы дағдарыстың басқа да салдарын ұмытпаған жөн: тақтатас өндірушілерін өзінің құрамына кіргізген компаниялардың қаржылық тұрақтылығы төмендеді.

Оған ExxonMobil компаниясы мысал бола алады. Жыл басында компания акцияларының баға белгіленімдері қазіргі кезге қарағанда екі есе жоғары болды. Сондай-ақ, тоқсандық дивидендтерді төмендетпеді. Енді қазіргі баға белгілеулерге тоқсандық дивиденд (жылдық мәндерге қайта есептегенде) мөлшерлеме бойынша жылдық он пайызды құрайды. Ал жыл басында бұдан екі есе төмен болды.

АҚШ Ресейден мұнай сатып алуға тыйым салуы мүмкін бе
Бір қызығы, дағдарыстың басында ExxonMobil өндірістің үйлестірілген қысқартуларына қарсы шықты. Оны кейбір бақылаушы мұнай бағасының құлауына байланысты арзан тақтатасты сатып алуға ниетті екен деп түсінді. Noble Energy жұтылғаннан кейін Шеврон АҚШ-тағы екінші ірі тақтатас мұнайшысы болды.

Шын мәнінде, ең ірі ТҰК (трансұлттық компания) тақтатас өнімін өзінің ауқымы мен қаржылық тұрақтылығы арқасында созғысы келді. Бұл әлі күнге дейін күн тәртібіндегі міндет болып қала бермек, алайда бұл қиынға соғады. Демек, қаржылық тәртіп мәселелері тағы да бірінші орынға шығады және біз жақын арада тақтатас секторында өсу болатынын күтпеуіміз қажет.

Бұған қоса, "жасыл күн тәртібі" барлық мұнай-газ компанияларына, соның ішінде ірі компанияларға қысым жасады. Банктер мұнайшыларға қандай да бір мөлшерлемемен кредит бермейді деп айтуға әлі ерте, бірақ егер "климаттық күн тәртібі" тақтатас кеншілерін сатып алу сомасындағы саланың ірі компаниялары үшін де жаңа борыштың құнын арттырса, таңқалуға болмайды.

Қорыта айтқанда, тақтатас саласының күйреуін күтудің қажеті жоқ, бірақ тақтатас саласының жаңа иелері қаржылық жағынан тәртіпті қатаң сақтайтын болады.