Әлем

АҚШ Ресейден мұнай сатып алуға тыйым салуы мүмкін бе

© REUTERS / Angus MordantВышка на нефтяном месторождении
Вышка на нефтяном месторождении  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалықтар "Солтүстік ағын–2" жобасы бойынша жаңа санкциялар жариялауға дайындалып жатыр. Бірақ, өздері ресейлік мұнайдың ең ірі импорттаушысы болып отыр

Әлемдік деңгейдегі жетекші аналитикалық басылымдардың бірі мұндай позицияны екіжүзділікке балап, Ресейден мұнай тасымалдауды доғару керек деп санайды. Алайда, мұның орындалуы екіталай: себебі, ауыр мұнайға бейімделген мұнай өңдеуші зауыттардың тұралап қалу қаупі бар, деп жазады РИА Новости.

Ірі тұтынушы

Вышка на нефтяном месторождении  - Sputnik Қазақстан
"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па
Конгресс "Солтүстік ағын–2" жобасымен байланысты еуропалық компанияларға шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл Германияда үлкен дау тудырып, Берлин Вашингтонның өзіне қарсы санкциялар қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Америкалық ықпалды аналитикалық басылым The National Interest (NI) атап көрсеткендей, мұндай реакция түсінікті: Вашингтонның екіжүзділігі айқын. Осы жылы экспорттың 12% сатып алу көрсеткішімен АҚШ ресейлік шикі мұнайды импорттаушылардың көшін бастап тұр.

АҚШ энергетикалық басқармасының (ЕІА) ақпаратына сәйкес, алғашқы жарты жылда Ресейден Штаттарға тоғыз миллион тоннадан (68 миллион баррель) астам мұнай өнімдері жеткізілген – бұл соңғы 16 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Екіжүзділік әрекеті

Ведомство нақтылауына сәйкес: қағаз жүзінде АҚШ екінші орында, себебі, Нидерланды 12,19 миллион тонна сатып алған. Бірақ бұл ел транзиттік хаб. Ол жақтан мұнай өнімдері басқа мемлекеттерге жіберіледі. Ал Америка мұнайды жеке тұтынуы үшін сатып алып отыр. Сондықтан Вашингтонмен еш ел бәсекелесе алмайды.

Басылым мынадай қадам ұсынып отыр: заңнама ресейлік импортқа тыйым салады. Мысалы, конгресс осы тасымалдауларды қамтамасыз етіп отырған компанияларға қатысты қаржылық санкциялар енгізсе болар еді.

Бірақ оны жүзеге асыру жолы түсініксіз. Себебі, үшінші мемлекеттерге қарсы өз санкцияларының арқасында америкалықтар ресейлік шикізатқа тікелей тәуелді болып қалды. Мұны ресми түрде өткен жылы мойындаған болатын.

Баламасы жоқ

Ресей АҚШ-қа шикі мұнай жеткізетін алтыншы мемлекет болатын. Ал 2020 жылдың ақпан айына қарай Канадаға ғана басымдық беріп, екінші орынға көтерілді. Венесуэладан келетін ауыр мұнайдан айырылып қалған және Иран импортының күрт төмендеуіне тап болған америкалықтарға шұғыл түрде баламалы тасымалдаушыларды табу керек болды.

Бірқатар мұнай өңдеуші кәсіпорындардың технологиялары Пермь бассейні мен Батыс Техастың жеңіл мұнайларын қолдануға жарамауы проблемаға айналып отыр. Әсіресе, Мексика бұғазы мен Шығыс жағалау МӨЗ қиын жағдайда қалды.

добыча газ полезные ископаемые сланцы  нефть - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай дағдарысынан кейін газ нарығы қалай өзгереді?
Бұл зауыттар бұрын Венесуэладан сатып алынған ауыр мұнаймен жеңіл мұнайды араластырып пайдалануға бейімделген. Бірақ өткен жылдың қаңтар айында Дональд Трамп Каракасқа қарсы санкциялар енгізді. Нәтижесінде, венесуэлалық экспорт 32 проценткен құлдырады.

Америкалық МӨЗ алдында шикізат жетіспеушілігі салдарынан тоқтап қалу қаупі туындады. Мұндайға жол бермес үшін америкалықтар ресейлік Urals-қа ауысып, мазут сатып алу белсенділігін арттырды.

Өткен жылы АҚШ Ресейден 11 миллион тонна мазут импорттаған. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Америкалық Vortexa компаниясының сарапшылары бұл Венесуэладан жеткізілетін жоғарыкүкіртті жанармай орнын толтыруға көмектеседі деп санайды.

Венесуэлалық мұнайдың баламасы ретінде Сауд Арабиясының мұнайы химиялық құрамы жағынан сәйкес келер еді. Бірақ арабтар мұнай өндірісінің көлемін арттыруға келіспеді. Сол себепті, экономика саясатты сырып, америкалықтарды ресейлік мұнайды импорттауына мәжбүрледі.

Сонымен қатар, фрахт (жүкті тасыған үшін ақы) құны айтарлықтай төмендеді. Ал карантиннен шыққан соң отын бағасы күрт өсіп кетті.

Жалпы, америкалық МӨЗ-дердің ресейлік ауыр мұнайды сатып алудан басқа амалы қалмады. Бұған мемлекетаралық қарым-қатынастың ушығуы да, көптеген санкциялар да әсер ете алмады. Сол себепті, осы жағдайдың барлығын ескере отырып, "Солтүстік ағын–2" жобасына тосқауыл жасау өз әрекетіне қайшы қадам болып қабылданады.

Жаңалықтар
0