Қоғам

110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты

Бүгінгі таңда Орал Оспанов ойлап тапқан әдістер мен құрылғылар ТМД көлемінде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қолданылып жүр
Sputnik

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Орал Оспанов әлемдік медицинада танымал тұлға. Ол — Н.И Пирогов атындағы еуропалық орденнің, академик Л.В. Полуэктов және Роберт Кох атындағы медальдың, "Еуропаның беделді ғалымы" және "Медицинадағы жылдың үздік тұлғасы" сынды марапаттардың иесі, 270 мақала мен 12 монографияның авторы. Сондай-ақ, осы күнге дейін өзі ойлап тапқан 21 құрылғыны патенттеген.

Мұнымен қатар, профессор Оспанов — елімізде "Қазақстан Республикасың еңбегі сіңірген өнертапқышы" атағын иеленген алғашқы маман. Мұның барлығы да дәрігер жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Орал Оспанов бір жылда семіздіктен арылуға көмектесетін 100 ота жасап, қазақстандықтардың өз тәнін жақсы көруіне себепші болып келеді. Айтуынша, бір жылда 4 000 қазақстандыққа осындай ота жасалуы тиіс. Осы орайда, дәрігер тілшісіне берген сұхбатында мұның себебі мен қай кезде науқастардың ота көмегіне жүгіну керектігін және қандай әдіс-тәсілдердің арықтау үшін аса қауіпті екенін айтып берді.

Тұмаудың қалай алдын аламыз: астаналық дәрігерден 10 кеңес

- Алғаш жасаған отаңыз есіңізде ме? Бұл салаға қалай келдіңіз?

— Өзім Ресей Федерациясы Омбы облысында туып-өстім. Әскерге барғанға дейін өзге құрдастарым секілді техника мен мотоциклге қызығып жүрдім. Болашақта медицина саласы өмірімнің бір бөлігіне айналады деп ойлаған емеспін. Ақыры әскерде жүргенімде санитарлық инструктор ретінде білім алып, жарты жылда Украина жеріне сіңісіп кеттім. Араға біраз уақыт салып бізді әскери ауруханаларға бөле бастады. Сол ауруханада жүргенімде лейтенант хирург Платицин мырза менен "Болашақта кім боласың?" деп сұрағаны әлі күнге дейін есімде. Әскерден кейін медициналық институтқа түсетінімді айттым. Кенет "Болды онда. Ертең ота жасайсың" деді. Сарбаздың аяғындағы тырнағы ішіне қарай өсіп кеткен екен. Медициналық білімім болмаса да, Платицин мырзаның нұсқаулығымен әлгі қарапайым отаны жасап шықтым. Яғни бұл менің алғашқы отам болды (Күлді.) Осыдан кейін көптеген отаға қатысып, тәжірибе жинадым.

Тағы оқыңыз:

Әскерден кейін жеңілдік жасалып, мені Омбы медицина факультетіне конкурссыз қабылдады. Бастапқыда жалпы медицина мамандығы бойынша білім алып, кейін гинеколог, терапевт, хирург деген секілді саларға бөліндік. Ол уақытта хирургия саласына бару үшін өзіңді жақсылап көрсетуің керек болатын. Көп курстасым терапевт болуды ұйғарды.

Ұйқысы қанбай жүретін адамның семіздікке шалдығатыны анықталды

Мен жұмыс істеуге барған Омбыда 30 мың халық бар. Яғни сен ота жасайтын пациент емес, керісінше саған деген сұраныс көп болады. Жалпы хирургиялық, травматологиялық және күйік сынды оталардың бәрін жасадым. Араға 3 жыл салып, маған Омбы академиясына ординатураға түсуге ұсыныс келді. Екі жыл сол жерде білім алдым. Кандидаттық диссертация қорғап, Омбының қалалық ауруханасында, облыстық онкология диспансерінде жұмыс істедім. 2003 жылы Мәскеуде докторлық диссертация қорғадым.

Бірде әпкем Қарағанды қаласында депутаттық сайлауға түсіп, мен оны қолдауға келдім. Сол кезде ректордан ұсыныс түсіп, 2004 жылы ұлттық медициналық орталықта жұмыс істей бастадым. Республикалық ауруханада 8 жыл жүріп, кітаптар жаздым. Бүгінде лапаратомиялық хирургия кафедрасының меңгерушісімін. Арасында облыстардан шақырту алып, сол жақта жаңа отаны қалай жасау керектігін үйретіп жүрмін.

 

- Жұмыстан шаршайтын кездеріңіз бола ма?

— Әрине, қиналамын. Әсіресе, әріптестерім түсіністік танытпаған кезде. Жаңа оталар жасалатын кезде пікірлеріміз бірнеше арнаға бөлініп кетеді. Мысалы, біз науқасқа артық салмақтан арылту отасын жасау арқылы оның қант диабеті секілді өзге де ауруларын емдейміз. Бұл ота әлемнің барлық елінде жасалып жатыр десек те болады. Біздің медицинада қарапайым ұйымдастыру жағынан болсын, проблема өте көп.Кейбіреуі ескі әдіс-тәсілдер көмегімен жұмыс істей бергісі келеді. Осы нәрсе бәрінен де ауыр тиеді.

Орал Оспанов, Қазақстанда 2000-нан астам ота жасаған хирург

- Эмоционалдық күйреуден өзіңізді қалай сақтандырасыз?

— Бірінші кезекте отбасымдағы береке-бірлік көмектеседі. Екіншіден, бұл менің сүйікті ісім болғандықтан, оған толықтай беріле аламын. Сондай-ақ, соңғы кезде фитнеспен айналысып, бассейнге барып жүрмін. Яғни өзімді сақтандырудың түрлі шарасын жасаймын. Әрине, дәрігерлерге түсетін салмақ өте көп. Мысалы, көптеген науқас бір отаның арқасында денсаулығын толықтай емдеп алғысы келеді. Олар өмір бойы шылым шегіп, ішімдік ішіп келген болса да, бір күнде барлық қиындығының шешілгенін қалайды.

Сондай-ақ, кей маман ақша табу мақсатында сапасыз ота жасап жатады. Осының барлығы адамды эмоционалдық тұрғыдан күйреуге алып келеді.

Яғни мені осының бәрінен отбасым мен кәсібіме деген махаббатым құтқарады деп айтар едім.

- Соңғы кездері бариатрия туралы көп айтылып жүр. Осы бағытты қарапайым тілмен түсіндіріп бере аласыз ба?

— Расымен де, бариатрия біздің мемлекетіміз үшін бұрын-соңды болмаған жаңа бағыт болып отыр. Мен негізінен бариатриялық және метаболиттік хирургиядағы оталарға көп мән беремін. Қарапайым тілмен айтсам, бұл — семіздік, екінші типтегі қант диабеті және өзге де артық салмақ салдарынан туындайтын ауруларды хирургиялық жолмен емдеу туралы бағыт.

Тағы оқыңыз: 

Бариатриялық әдістерге тоқталғанда артық салмақтан лапароскопиялық хирургия жолымен арылу туралы сөз қозғаймын. Асқазанды лапароскопиялық шунттеу — алтын стандарт. Ота барысында асқазан көлемі айтарлықтай кішірейіп, жіңішке ішекті қысқартқан кезде асқазан-ішек жолы да тарылады. Жоғарыда айтып өткенімдей, ота денені тесу арқылы жасалады және ағзадан ешнәрсе шығарылмайды. Осы жарақаты аз функционалдық реконструкция нәтижесінда адам кішкене тамақ жесе де, өзін тойып тұрғандай сезінетін болады. Яғни оған көп тамақ ішудің еш қажеті жоқ. Әдетте науқастарымыз сол күні орнынан тұрып, су ішіп, үшінші күні үйлеріне шығарылып жатады.

Қазақстанда 2000-нан астам ота жасаған Орал Оспанов әріптестерімен бірге

- Семіздікті еліміздегі үлкен проблема деп айта аламыз ба? Оның ауқымы қандай?

— Қазақстанда семіздік өзекті проблемалар қатарына еніп, адамның өмірі үшін аса қауіпті деп танылуы тиіс. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен эндокринолог, кардиолог және терапевт сынды мамандармен тұрақты түрде дөңгелек үстел өткіземіз деп келіскен едік. Жақын уақытта мұқтаж адамдарға осы отаны тегін жасау мүмкіндігі туады деп ойлаймын.

Мұнымен қатар, салауатты өмір салтын халық арасында сәнге айналдырсақ нұр үстіне нұр болады. Ол үшін дұрыс тамақтану ережелерін балабақшадан бастап үйретіп, мектептерде диетология туралы сабақтар өткізіп, әр отбасыда тамақтануға қатысты дұрыс мәдениет қалыптастырсақ тамаша болар еді.

Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған

- Суреттеріңізден бұрын артық салмағыңыз болғанын байқадым. Өзіңіз қалай арықтадыңыз?

— Иә, 2017 жылы 24 мамыр күні науқастарға семіздіктен арылу үшін жасап жүрген отаны өзіме жасаттым. Оны жақын досыма тапсырдым, нәтижесінде 50 кг салмақ жоғалттым. Ал ота жасағанға дейін қан қысымым қатты жоғарылап, қан құрамындағы қант мөлшері шектен асты және басқа да гормондық проблемалар болды.

- Осы күнге дейін артық салмақтан арылуға байланысты қанша ота жасадыңыз?

— Қазақстанға келгелі 2000-нан астам ота жасадым. Олардың ішінде 500-ден астамы осы салмақтан арылу үшін. Белсенді түрде бұл отаны 2010 жылы қолға алдым. Бастапқыда жалғыз өзім болдым. Кейін Ақтау, Ақтөбе, Павлодар және т.б. қалаларды аралап, сол жақтағы мамандарға осы отаны қалай жасау керектігін үйреттім. Осының арқасында қазір Қазақстанда сапалы хирургтер саны көбейіп келеді.

Тағы оқыңыз: 

- Бұл ота Қазақстанда қаншалықты сұранысқа ие?

— Семіздікті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру деп танып, халықаралық классификацияда өзіне тиесілі шифры пайда болды. Мың науқасқа бір ота жасалуы тиіс. Қазақстан үшін бұл жылына 4 мың бариатриялық ота жасалуы керек деген сөз. Еуропаның кей мемлекеттерінде осыншама адамға 5-9 отаға дейін жасалады. Мысалы, Швецияны алайық. Ол жақта халық саны бізден екі есе аз болса да, жылына 8 мың бариатриялық ота жасалады. Швецияда өмір сүру және медицина сапасының жоғары екеніне қарамастан осылай болып отыр.

Денсаулық сақтау министрі арықтаудың тиімді жолын айтты

Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген адам, оның ішінде жастар артық салмақтан арыла алмай қиналады. Ресми мәліметтер бойынша, халықтың төрттен бір бөлігі семіздікке шалдыққан және дәл осындай тағы бір бөліктің артық салмағы бар. Бұл өте үлкен проблема. Себебі, оның салдарынан адамның қан қысымы айтарлықтай жоғарылап, жүрек талмасына, бедеулікке, қант диабетіне және т.б. ауруларға шалдығады.

Семіздіктен дер кезінде арылу арқылы бұл аурулардан да мәңгілікке айығуға болады. Біздің білуімізше, олардың барлығын психологиялық әдіс, дәрі немесе диетолог мамандардың көмегімен емдеу мүмкін емес. Өкінішке орай, халық қана емес, кейде дәрігерлер де фитнестің көмегімен семіздіктен арылудың денсаулық үшін аса зиян екенін түсіне бермейді. Ал бариатриялық ота мұндайда таптырмас әрі қауіпсіз альтернатива болып тұр.

Тағы оқыңыз: 

Сондай-ақ, науқастар отадан кейін бірден өздерін жеңіл сезініп кетпейтінін және қандай да бір кішігірім қиындық туындауы мүмкін екенін білуі тиіс. Семіздік салдарынан адам метаболистік синдром, жаман холестерин мөлшерінің артуы сынды қиындықтарға тап болады. Дер кезінде емдемейтін болса, олар өліп кетуі мүмкін. Мысалы, жүрек талмасына адамдардың төрттен бір бөлігі осы семіздік салдарынан ұшырайды. Барынша салмақ қалыпты нормада болғаны жөн.

Ғалымдар макароннан бас тартпай-ақ қалай арықтауға болатынын айтты

- Қай кезде науқас отаның көмегіне жүгінуі керек және қай кезде өзін-өзі арықтата алады?

— Науқастың салмағы өзінің бойына қаншалықты сай келетінін анықтауға арналған кішігірім құрал бар. Сол жерде көрсеткіш 40 деген цифрдан асып кететін болса, бірден дабыл қаққан жөн. 35 деген цифр науқастағы қант диабетінің асқынып бара жатқанын білдіреді. Ал қан қысымы шамадан тыс көтеріліп, бедеулікке шалдығып, бойында гормондық өзгерістері бар адамдарда бұл сан 30 болып тұруы мүмкін. Бұрын-соңды артық салмақты дене массасы индексінің көмегімен өлшейтін. Соңғы кезде ғалымдар салмақтың қаншалықты қауіпті екенін бойындағы ауру санымен анықтауды ұсынып жүр.

- Келген науқасқа бірден ота жасай салмайтындарыңыз сөзсіз. Бұл процесс қалай жүреді?

— Әр кезде әртүрлі деп айтатын едім. Біреулер бұл отаға бірнеше жыл бойы дайындалады. Әбден ойланып, таразылайды. Кейбіреулері диетолог немесе психотерапевт маманға жолығады. Мүмкіндігінше семіздіктен отаның көмегінсіз арылуға тырысады. Нақты ота жасау процесіне келетін болсақ, біз негізінен толықтай медициналық тексеруден өтуін талап етеміз.

Тағы оқыңыз: 

Адамның асқазаны кеңейіп кетсе, оны толтырмайынша тоймайды. Сол себепті ота арқылы осы асқазанды бірнеше бөлікке бөлеміз. Ең бастысы, ота денені тесу арқылы жасалады және ешқандай ағзаны кесіп алмаймыз.

- Мұндай отаның бағасы қанша теңгеден басталып, қаншаға дейін барады?

— Дәл қазір нақты бағасы 500 мың теңгеден басталып, бір миллионға дейін жетеді. Отаға қажетті импорттық құралдар өте қымбат. Біреуінің бағасы — 100 мың теңге. Бір отаға шамамен 6 данасы қажет болады және оның әрқайсысын бір-бір реттен ғана қолдана аламыз. Кейбір адамда мүлдем мұндай ақша жоқ екенін жақсы түсінемін. Сол себепті министрлікке бұл мәселе туралы айтқан едім. Әлі күнге дейін қарастырылып жатқан жайы бар. Ал дер кезінде науқасқа бұл ота жасалмаса, оның аурулары асқынып, өліп кетуі мүмкін.

Ғалымдар қатерлі ісікті сумен анықтаудың жолын тапты

Қазіргі таңда семіздіктің арқасында көптеген адам бизнес ашып, ақша тауып отырғаны жасырын емес. Негізінен олардың көбісін таза бизнес деп айту қиын. Әсіресе, хирург мамандар әсері аз, қысқа мерзімді гастропликация сынды ота жасаған кезде. Кейде мұны дәрігерлер өзара "слив2" деп атайды. Оның үстіне коммерциялық ұйымдар науқастың денсаулығына көп назар аудармайды.

Беделді адамдар мен танымал телебағдарламалардың атын жамылып, әртүрлі таблетка, коктейль және препараттар комплексін ұсынады. Осы орайда, семіздікке шалдыққан азаматтарымызды ресми медицинаға және IFSO стандартына сай мамандардың көмегіне ғана жүгінуге шақыратын едім. Бірақ семіздікті хирургиялық жолмен емдеу тәсілі — тізімдегі ең соңғы әдіс екенін ұмытпаңыздар. Көптеген қазақстандық қыруар қаражатын жұмсап, осы отаны шетелде жасатады. Сондай-ақ біздің дәрігерлер де шетелге жиі шақырту алады. Себебі біздегі баға айтарлықтай арзан әрі жұмыс сапалы.

Орал Оспанов әріптестерімен бірге

- Хирургия саласында екі үлкен проблема бар. Ол — тіндердің арасын ажыратып, қайта біріктіру. Ота кезінде осыған байланысты қиындық тумай ма? Себебі, ота негізінен асқазанды бірнеше бөлікке бөлу процесінен құралады.

— Осы күнге дейін медицинаға қажетті бірнеше құрылғы жасап шығардым. Солардың бірі осы тіндерді ажыратып, қайта тігуде таптырмас құрал болып отыр. Екінші курстан бастап хирургиялық үйірмелерге қатысып, жануарларға ота жасап, адамдарға жасалатын ота кезінде көмекші болып тәжірибе жинап жүрдім. Медициналық институтта оқып жүріп хирургтердің жұмысын жеңілдететін әрі науқастың денесін қатты зақымдамайтын құрылғы ойлап табуды армандадым. Осылайша өнертапқышқа айналуға деген құлшынысым пайда болды. Бірақ бірден бұл арманым жүзеге аспады.

Тағы оқыңыз: 

Алдымен, оқу орнын тәмамдаған соң үш жыл Омбы облысындағы аудандық ауруханада жұмыс істедім. Кейін бас хирургтің ұсынысымен Омбы мемлекеттік клиникалық ординатураға түстім. Осында жүріп қана өт жолына жасалатын отаны жеңілдетуге арналған дренаж құрылғысын жасап шығардым. Осы құрылғыма халықаралық деңгейде патент алғанда, ерекше сезімге бөлендім. Мұнымен қатар, кафедра мен академияда үздік атануыма көп септігін тигізді.

Әрі қарай асқазан-ішек анастомозына арналған әдіс-тәсілді жетілдіруді мақсат тұттым. Ағзалардың қызметі нашарлап кетпеуі үшін оларды біріктіру сапалы болуы тиіс. Өмірімнің 20 жылын тіндердің арасын тігетін және басқа да аппараттар жасап шығаруға арнадым.

Ғалымдар жаңалық ашты: фастфудты қанша көп жесең де, салмақ қоспайсың

- Осылардың ішінде бәрінен бұрын қайсысын жоғары бағалайсыз?

— Бәрінен бұрын эндохирургиялық тігу және легирлеу әдісімен мақтанамын. Бұл әдіс 2006 жылы патенттелген болатын. Оның үстіне оны күн сайын мыңдаған хирург қолданып жүргендіктен, олар мен үшін екі есе құнды. Бұл ота жасау процесін жеңілдетіп, сапалы нәтиже береді. Сондай-ақ, сапасы жағынан салыстырғанда бұл әдістерге қажетті құралдар бағасы әлдеқайда арзан.

- Ең көп қанша салмақтан арылуға көмектестіңіз?

— Игорь Волков есімді клиентімнің салмағы 200 килограмм болған еді. Қазір 90 килограмға дейін түсті. Яғни отадан кейін 110 килограмға арықтап отыр. Тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл ота — адам семіздіктің шегіне жеткен кезде, өзге әдіс-тәсілдер көмектеспеген кезде жасалады. Осы орайда, әрбір қазақстандықты денсаулығына күтім жасап, өздерін бағалауға, жақсы көруге шақырамын. Себебі, бұл әлемде адам өмірінен құнды ешнәрсе жоқ.