Әлем

Ғалымдар жаңалық ашты: фастфудты қанша көп жесең де, салмақ қоспайсың

© Петр Чернов / Медиабанкке өтуГамбургер
Гамбургер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар фастфудты көп жейтін адамды семіздіктен құтқарудың жолын тапты

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Егер адамның ағзасында висфатин гормоны болмаса, ол артық салмақ қоспайды. Копенгаген университетінің биологтары осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады MedicalXpress.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай тамақтың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Ғалымдар тышқандарға эксперимент жүргізген. Кеміргіштердің бір тобының май тіндерінен висфатинді алып тастаса, екінші топтағы тышқандардың ағзасында бұл гормон болған.  

Әуелі тышқандардың рационында дұрыс тағам болса, кейін оларға пицца мен бургерді көп жейтін адамның тамағына сәйкес келетін азық береді.  

Белгілі болғандай, екінші топтағы тышқандар майлы тамақтан салмақ қосса, ал ағзасында висфатин жоқ тышқандарда еш өзгеріс болмаған. Бұдан бөлек, олардың ағзасы глюкоза мен қанттың деңгейін жақсырақ реттеп отырған. 

Ғалымдар бұл жаңалық семіздікпен күресуге көмектеседі деген үмітте. Дегенмен, зерттеу авторларының айтуынша, адам ағзасынан висфатинді алып тастаудың денсаулыққа тигізер зияны орасан болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0