Қоғам

Денсаулық сақтау министрі арықтаудың тиімді жолын айтты

© REUTERS / LUCY NICHOLSONБойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын ұмытпай, салмақ түсіргіңіз келсе, мамандарға қаралуға кеңес берді

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов артық салмақтан арылғысы келетіндерге ақыл-кеңес берді.

Весы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалым тез арықтаудың жолын айтты

Жағажай маусымы қарсаңында қазақстандықтар тезірек арықтау тәсілін жанталаса іздеп жатады. Салмақ қуамын деп денсаулығына орны толмас зиян келтіретіндер де жоқ емес. 

Денсаулық сақтау министрінің сөзіне сүйенсек, арықтау мәселесін кешенді қарастырып, науқастың жағдайын бақылауда ұстайтын, әрі қарай кеңес алу үшін мамандарға жіберетін дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

"Әуелі учаскелік немесе отбасылық дәрігермен кеңескен жөн. Өйткені сіздің денсаулығыңызға белгілі бір адам жауап береді. Бәрі оп-оңай деп ойламау керек", — дейді Елжан Біртанов. 

Қазақстанның бас дәрігері атап өткендей, азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, дене сымбатын сақтаудың негізгі қағидалары – дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданғаны жөн.

Жаңалықтар
0