АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Астананың ішкі істер департаменті 23 жастағы бойжеткенді сексуалды құлдық үшін 80 мың теңгеге сатып жіберген 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ІІМ ақпаратынша, Алматы қаласында қыздарды алдап, сексуалды құлдық үшін басқа облыстарға жіберумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Күдіктілер 26 мен 45 жас аралығында. ҚК-нің 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін 20 адам (ҚР азаматтары – 11, ТМД елдерінің азаматтары – 9) жеткізілді.
Ішкі істер министрлігі 14-16 наурыз аралығында рсепублика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған "SТOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткенін хабарлады.
— 1 – қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы);
— 4 – адам саудасы (ҚК-нің 128-бабы);
— 1 – кәмелетке толмағанды саудалау (ҚК-нің 135-бабы);
— 6 – жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚК-нің 308-бабы);
— 39 – жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін (ҚК-нің 309-бабы).
Сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісу бойынша (ӘҚБтК-нің 449-бабы) 81, жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша (ӘҚБтК-нің 450-бабы) 16 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.