Қоғам

Астанада ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сатып жіберді

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адам қыздың иығынан ұстап отыр, архивтегі фото
Ер адам қыздың иығынан ұстап отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"SТOP трафик" шарасы кезінде адам саудасы бойынша 51 қылмыс анықталды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Астананың ішкі істер департаменті 23 жастағы бойжеткенді сексуалды құлдық үшін 80 мың теңгеге сатып жіберген 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

Тігін цехы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тігін фабрикасы 13 қырғызды құлдықта ұстап келген
33 жастағы ер адам 1994 жылғы сыбайласымен бірігіп, 23 жастағы қызды сексуалды құлдық үшін 80 000 теңгеге сатып жіберген. Аталған факті ҚР ҚК 128-бабы (адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. 

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратынша, Алматы қаласында қыздарды алдап, сексуалды құлдық үшін басқа облыстарға жіберумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Күдіктілер 26 мен 45 жас аралығында. ҚК-нің 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін 20 адам (ҚР азаматтары – 11, ТМД елдерінің азаматтары – 9) жеткізілді.

Ішкі істер министрлігі 14-16 наурыз аралығында рсепублика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған "SТOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткенін хабарлады.

Геннадий Петров - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болған - БАҚ
Шара барысында 51 қылмыстық заң бұзушылық анықталды, оның ішінде:

— 1 – қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы);

—  4 – адам саудасы (ҚК-нің 128-бабы);  

—  1 – кәмелетке толмағанды саудалау (ҚК-нің 135-бабы);  

—  6 – жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚК-нің 308-бабы);  

— 39 – жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін (ҚК-нің 309-бабы).   

Сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісу бойынша (ӘҚБтК-нің 449-бабы) 81,  жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша (ӘҚБтК-нің 450-бабы) 16 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Жаңалықтар
0