Қоғам

Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болған - БАҚ

© Photo : Новости-ОТСГеннадий Петров
Геннадий Петров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қашып кетуге талпынғанда, ер адамның аяғының сіңірін кесіп тастаған

АСТАНА, 14 мар — Sputnik. Сібір тумасы Қазақстан ауылдарының бірінде 25 жыл құлдықта болып, мал баққан, деп хабарлайды Новосібірдің ОТС арнасы.

құлдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әйелдерді құлдықта ұстаған т/ж станциясының бастығы 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Анықталғандай, Геннадий Петров 1990 жылдары Қазақстанға жұмыс істеуге келіп, жоғалып кетіпті. Құлдыққа қалай тап болғанын өзі түсіндіріп айта алмады. Құжаттарын тартып алып, қораға қамап қойған. Қашқысы келгенде, аяғының сіңірін кесіп тастапты. Түнде үй иелері оны байлап қояды екен.

Тілшілер Геннадийдің тағдыры туралы естігенде, құлдықтан құтылуға көмектескен.

Ресейге оралған соң, ер адамға әуелі "Созвездие сердец" қайырымдылық қоры көмектеседі, кейін Геннадийді Бийск қаласындағы туыстарына апарыпты. Әкесі мен анасы бар екен.

Телеарна атап өткендей, Қазақстан полициясы адамды заңсыз қамап ұстау оқиғасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0