Қоғам

Тігін фабрикасы 13 қырғызды құлдықта ұстап келген

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуТігін цехы, архивтегі фото
Тігін цехы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстандықтар Рязаньға келісімен төлқұжаттарын тартып алып, тәулігіне 20 сағат жұмыс істеткізген

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Рязань облысында Ресей полициясы және миграциялық қызметімен бірлескен операция жүргізілгенін мәлімдеді. Наурыз айында Рязаньда тігін фабрикасы қожайыны 13 Қырғызстан азаматының төлқұжатын алып қойып, құлдықта ұстап отыр деген ақпарат алған, деп хабарлады centralasian.org.   

ІІМ хабарлағандай, "Февраль" деп аталатын тігін компаниясына Ресей және Вьетнам азаматы басшылық еткен. Онда әр елден келген жүзге жуық адам жұмыс істеген. Солардың ішінде 13-і Қырғызстан азаматы болған. Оларды Бішкектегі "Берекет" базары жанында делдал арқылы тапқан. Делдал да қырғыз азаматы болған.

Геннадий Петров - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болған - БАҚ
Қырғызстан азаматтары еңбек келісімшартына отырған. Оларға таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 12 сағат жұмыс істеп, айлықтарыңды айына екі рет аласыңдар деп уәде берген. Сонымен бірге тегін тұратын жер, тегін тамақ және тегін медициналық қызмет көрсетіледі деген. Бірақ қырғызстандықтарды Рязаньға келісімен төлқұжаттарын тартып алып, тәулігіне 20 сағат жұмыс істеткізген.

Түскі үзіліске тек 40 минөт берген. Сол уақытта олар өздері тамақ дайындап үлгеруі тиіс болған. Егер үлгермесе, 5 мың рубль айыппұл салған. Еңбек ақыларын да уақытында төлемеген.

Жұмысшылардың айтуынша, көбі жұмыстан кетпек болған, бірақ оларды цехта күштеп ұстап отырған. Қырғызстан азаматының бірі шыдамай, көктамырын кескен. Әріптестері жедел-жәрдем шақыруды талап еткен. Бірақ цех қожайыны дәрігер шақырудың өзі ақылы деп талап қойған.

Ресейде "Февраль" жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтар
0