Қоғам

Астанада Ресей президенті сайлауы қалай өтіп жатыр?

Алғашқы сайлаушылар Ресей ғылым және мәдениет орталығындағы учаскеге таңғы жетіден келе бастады
Sputnik

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Астанада Ресей Федерациясы президенті сайлауында алғашқы екі сағат ішінде жүзден астам адам дауыс берді.

Дауыстарды қабылдау пункті Ресей ғылым және мәдениет орталығында ашылды.  

Бүгін Ресейде президент сайлауы өтеді
Сайлау туралы заң бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат сегізде ашылып, кеші сегізде жабылады. Дегенмен сайлау комиссиясының мүшелері ертерек келіп, учаскенің дайындығын бір тексеріп шықты. Комиссия құрамында он адам бар, төрағасы – Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.

"Таңертеңнен азаматтарымыз белсенділік танытып жатыр. Бұл президент сайлауы, сондықтан басқа сайлауларға қарағанда белсенділік жоғары. Адамдар өз жауапкершілігін түсініп, сезінеді", — деп түсініктеме берді елші Астанадағы сайлау процесіне.  

Сайлауға 18 жасқа толған Ресей азаматтары қатысады. Олар өзімен бірге Ресей азаматының паспортын (шетелдік немесе ішкі) алып келуі тиіс.  

1 / 5
Омбы тұрғыны Дмитрий Одинцов
2 / 5
Астанадағы сайлау учаскесі
3 / 5
Астанадағы сайлау учаскесі
4 / 5
Астанадағы сайлау учаскесі
5 / 5
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин
Президент сайлауына алғаш рет қатысып жатқандарға дәстүр бойынша Ресейдің белгілі суретшілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітап сыйға беріліп жатыр.  

Алғашқы сайлаушылардың қатарында соңғы екі жылда Астанада тұрып жатқан Омбының 27 жастағы тұрғыны Дмитрий Одинцов та болды. Ол сайлауда өзі қалаған кандидатқа дауыс бергенін айтады.  

Барлық ұйымдастыру жұмысын Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік шетелдік мекемелер — Алматы, Орал және Өскемендегі елшілік, консульдық  мойнына алған.

Астана уақытымен сағат 8-ден бастап Қазақстанның 17 қаласында – Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте сайлау учаскесі ашылды.   

А

Ресейде президент сайлауы кезінде теракт жасамақ болған содырдың көзі жойылды
л президенттік лауазым үшін 8 үміткер сайысқа түскелі отыр. Олар – Владимир Путин, Григорий Явлинский, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Борис Титов, Сергей Бабурин, Ксения Собчак және Максим Сурайкин. Ресей президенті Владимир Путин тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген. 

Айта кетейік, Ресейде президенттің басқару мерзімі – 6 жыл.