АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Астанада Ресей Федерациясы президенті сайлауында алғашқы екі сағат ішінде жүзден астам адам дауыс берді.
Дауыстарды қабылдау пункті Ресей ғылым және мәдениет орталығында ашылды.
"Таңертеңнен азаматтарымыз белсенділік танытып жатыр. Бұл президент сайлауы, сондықтан басқа сайлауларға қарағанда белсенділік жоғары. Адамдар өз жауапкершілігін түсініп, сезінеді", — деп түсініктеме берді елші Астанадағы сайлау процесіне.
Сайлауға 18 жасқа толған Ресей азаматтары қатысады. Олар өзімен бірге Ресей азаматының паспортын (шетелдік немесе ішкі) алып келуі тиіс.
Алғашқы сайлаушылардың қатарында соңғы екі жылда Астанада тұрып жатқан Омбының 27 жастағы тұрғыны Дмитрий Одинцов та болды. Ол сайлауда өзі қалаған кандидатқа дауыс бергенін айтады.
Барлық ұйымдастыру жұмысын Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік шетелдік мекемелер — Алматы, Орал және Өскемендегі елшілік, консульдық мойнына алған.
Астана уақытымен сағат 8-ден бастап Қазақстанның 17 қаласында – Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте сайлау учаскесі ашылды.
А
Айта кетейік, Ресейде президенттің басқару мерзімі – 6 жыл.