АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Нижний Новгород қаласында президент сайлауы күні теракт жасамақ болған "Ислам мемлекеті" (Қазақстан және Ресей аумағында тыйым салынған террорлық ұйым) содырының көзі жойылды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыскер ұсталған кезде қарулы қарсылық көрсетіпті. Террористтен қолдан жасалған қуатты бомба, тағы бірнеше жарылғыш құрылғы жасауға қажетті бөлшектер, оқ ататын қару мен оқ-дәрі табылған.
Содыр Таяудағы шетел азаматы екен.
Ресейде президент сайлауы 2018 жылы 18 наурызда өтеді.