Әлем

Бүгін Ресейде президент сайлауы өтеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуРесейдің аймақтарындағы РФ президенті сайлауы
Ресейдің аймақтарындағы РФ президенті сайлауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттік лауазым үшін 8 үміткер сайысқа түскелі отыр

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Бүгін Ресейде президент сайлауы өтеді.  

Содыр - Sputnik Қазақстан
Ресейде президент сайлауы кезінде теракт жасамақ болған содырдың көзі жойылды
24.kz арнасының мәліметінше, мемлекет аумағында 97 мыңнан астам сайлау бөлімшесі, ал шетелдерде тағы 400-дей учаске ашылған. Олар жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін ашық болады. 

Орталық сайлау комиссияның мәлімдеуінше, сайлауда 110 миллионнан астам азаматтың дауыс беруге құқы бар. Ел өміріндегі басты саяси доданы әлемнің 109 елінен 1,5 мыңға жуық шетелдік және халықаралық бақылаушы қадағалайды. Ал президенттік лауазым үшін 8 үміткер сайысқа түскелі отыр. Олар – Владимир Путин, Григорий Явлинский, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Борис Титов, Сергей Бабурин, Ксения Собчак және Максим Сурайкин. Ресей президенті Владимир Путин тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген. Айта кетейік, Ресейде президенттің басқару мерзімі – 6 жыл.

РИА Новости агенттігі Астана уақытымен сағат 8-ден бастап Қазақстанның 17 қаласында сайлау учаскесі ашылғанын хабарлады. Олар: Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент. 


Жаңалықтар
0