2017 жылғы 1 қаңтарда Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі бес қабатты үйдің бөлігі опырылып түсті. Кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, бір адам тірі табылды. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығының жарылуы деп аталды.