Оқиға

Өңір билігі Шаханда зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге уәде етті

© Photo : пресс-служба акима Карагандинской областиНұрмұхамбет Әбдібеков оқиға орнында
Нұрмұхамбет Әбдібеков оқиға орнында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысының Шахан ауылындағы көп қабатты үйдің бөлігінің опырылып құлауынан тоғыз адам көз жұмды

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков дүйсенбі күні Шахан ауылындағы үйдің подъезді қирауының салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін мәлім етті. 

"Себептерді анықтап, салдарын жою үшін шаралар қабылдауға, бюджеттен қаражат бөлу үшін тиісті комиссия құрдық. Бұдан бөлек материалдық көмек көрсету үшін зардап шеккен отбасылармен жұмыс істелінетін болады, жерлеу рәсімін ұйымдастыруда да қол қабыс етеміз",  - деді Әбдібеков журналистерге. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан ауылы үшінші шағын ауданының  №4 подъездің жартылай опырылып түсуі салдарынан жиналып қалған үйіндіні ашу бойынша жұмыстар жалғасып жатқан екен. "Өкінішке орай, адам шығынысыз болмады. Қазіргі уақытта біз тоғыз денені көтердік", — деді әкім. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлауынан екі адам аман қалды

Оның айтуынша, "үйіндінің астында тағы құрбан болғандар бар ма жоқ, па көз жеткізу үшін" үйіндіні ашу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. 

"Осы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырған жылыту қазандығы орналасқан жертөлеге дейін жету мақсаты қойылып отыр. Бұл жұмыстар қазандықтың не үшін жарылып, жағдайдың себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар жүргізуге, осы жағдайдың орын алу себептерімен салдарын жою үшін қажет", — деп түсіндірді өңір басшысы. 

Әкімдікте хабарлағандай, 1987 жылы салынған үйдің (жалпы үйде 60 пәтер болған, оның он бесі зардап шекті) аман қалған пәтер тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Оларға екі әзірленген орын: бала бақша мен мешітте орналастыру ұсынылды. Алайда олар бұл ұсыныстан бас тарып, қазіргі уақытта туыстары мен таныстарының үйінде орналасқан.

Әбдібековтің сөзіне қарағанда, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін республикалық деңгейде комиссия құрылатын болады. "Біз бұл төтенше жағдайдың орын алуының нақты себептерін комиссияның анықтай алуы үшін ұсыныстарымызды ІІМ-ге бердік", — деді әкім.

Оның мәліметінше, қираудан кейін ауруханаға екі адам жеткізілген – жамбасы сынған 11 жасар қыз және 32 жасар ер адам. 


Жаңалықтар
0