Оқиға

Әкімдік: Шаханда 9 адам қаза тапты – қорытынды деректер

© Sputnik / Дархан МусинШахан ауылындағы ТЖ
Шахан ауылындағы ТЖ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахан кентінде құлаған көп қабатты үйдің подъездінің үйінділерін тазарту жұмыстары аяқталды

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Қарағанды облысы Шахан кентіндегі 60 пәтерлі үйдің подъездінің опырылып түсуі салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды дүйсенбіде өңір әкімдігі. 

Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы апат: оқ дәрі бөшкесіндегі өмір

Төтенше жағдай 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды: Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Қалалық әкімдіктің деректеріне сәйкес, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Жарылыс салдарынан зарда шеккен зардап шеккен төртінші подъезде 30-ға жуық адам болған.  

Бұл ретте таңертең Қарғанды облысының әкімі Нұмұхамбет Әбдібеков үйіндіні ашу бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлаған. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлауынан екі адам аман қалды

"2 қаңтар күні сағат 13.00-де үйіндіні ашу бойынша негізгі жұмыстар аяқталған", — делінген әкімдіктің баспасөз баянында.

Кезек күттірмейтін апаттық-құтқару жұмыстары барысында үйіндінің астынан қаза тапқандардың денелері шығарылды. Олар: Андропова Ольга Владимиовна 1988 жылы дүниеге келген; Андропов Виталий Михайлович 1981 жылы дүниеге келген; Андропова Евангелина Витальевна 2016 жылы дүниеге келген; Кан Татьяна Кузьминична 1953 жылы дүниеге келген; Алексеенко Владимир Алексеевич 2016 жылы дүниеге келген; Алексеенко Елена Юрьевна 1980 жылы дүниеге келген; Галышев Владимир Иванович 1960 жылы дүниеге келген; Галышев Артур 2010 жылы дүниеге келген; Михайлов Валерий Семенович 1956 жылы дүниеге келген. 

Шахтинскідегі тұрғын үйдің қирауы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахтинскідегі тұрғын үйдің қирау орнындағы құтқару жұмыстарының кадрлары

"10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар, ТЖД жасақтары келгенге дейін орта дәрежедегі ауырлық жарақаттармен 2005 жылы туылған Васильева Е.А. ауруханаға жатқызылды", — делінген әкімдіктің баспасөз қызметінде. 

Төтенше жағдайды жоюға жалпы 280 адам мен 55 бірлік техника  жұмылдырылған.


Жаңалықтар
0