"Қазатомөнеркәсіптің" ұсталған басқарма мүшесі екі айға қамалды

© Sputnik / Владислав ВодневКазатомпром
Казатомпром - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Бұл шешім тағылған айыптардың сипаты мен ауырлығы ескеріле отырып қабылданған
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының ұсталған басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков 2 айға қамалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
"26 қарашада тергеу сотының санкциясымен "Қазатомөнеркәсіптің" өндіріс жөніндегі бас директоры Қ.Омарбековке және департаментінің бас менеджері Е.Байқұловқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.
Бұл шешім тағылған айыптардың сипаты мен ауырлығы ескеріле отырып қабылданған. Сондай-ақ тергеу барысында ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелер мен қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу көзделген.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен басқа да лауазымды адамдардың ұсталғаны 25 қарашада белгілі болды.
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Видео
"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0