https://sputnik.kz/20261125/qazatomonerkasip-ulttyq-kompaniyasynyn-basqarma-mushesi-qamauga-alyndy---uqk-68784970.html
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшесі ұсталды - ҰҚК
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшесі ұсталды - ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T11:30+0500
2026-11-25T11:30+0500
2026-11-25T11:57+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e7/08/19/37950565_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_69c7ba444e8735d7ce20efcf95d8ceb8.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі ұсталғанын хабарлады.Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы екі басқарма мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын хабарлады."Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 қарашадағы шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожиннің және өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп жазылған компанияның ресми хабарламасында.
https://sputnik.kz/20261112/samuryq-qazyna-toragasy-men-qazaqstan-temir-zholy-basshysy-ustaldy-68392001.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/19/37950565_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_9856201abdbf6fde4260a49c568576a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшесі ұсталды - ҰҚК
11:30 25.11.2026 (жаңартылды: 11:57 25.11.2026) Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі ұсталғанын хабарлады.
"2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі Қ.Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп жазылған хабарламада.
Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы екі басқарма мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын хабарлады.
"Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 қарашадағы шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожиннің және өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп жазылған компанияның ресми хабарламасында.