Видео

"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды

© Photo"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталғанын хабарлады.
Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

"2026 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қрсы күрес қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағалары Н.Жақыповты және "ҚТЖ" ҰК" АҚ Е.Отыншиевті сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен басқа да тұлғалармен бірге ұстады", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын қоса хабарлады.
Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Ал Елжас Отыншиев жақында-ақ, 2026 жылдың шілдесінде "ҚТЖ" басшысы қызметіне тағайындалған. Айта кетері, оның тағайындалуы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма шешімімен жүзеге асырылды.
Жақсылық Омар - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр - ҰҚК
Жаңалықтар
0