https://sputnik.kz/20261024/republic-day-qazaqstandyqtar-zhenildikter-onkundiginde-qanday-tauarlardy-satyp-alyp-zhatyr-67931896.html
Republic Day: қазақстандықтар жеңілдіктер онкүндігінде қандай тауарларды сатып алып жатыр
Republic Day: қазақстандықтар жеңілдіктер онкүндігінде қандай тауарларды сатып алып жатыр
Sputnik Қазақстан
Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T17:53+0500
2026-10-24T17:53+0500
2026-10-24T17:53+0500
қоғам
республикалық акция
жеңілдіктер
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_0:200:2935:1850_1920x0_80_0_0_1fd63de516ac14f5c5fc47fede584937.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.17-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі сауда орталықтары мен сауда желілері азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға жеңілдіктер ұсынsg ;fnsh Өңірлердің мәліметінше, маусымдық киім мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, балаларға арналған тауарлар және тұрмыстық техника жоғары сұранысқа ие.Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды. Оның 232-сі Republic Day, ал 417-сі Bereke Fest акциясына қатысуда. Жеңілдік мөлшері сауда нысаны мен тауар санатына байланысты. Жекелеген дүкендерде жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.Маусымдық киім мен аяқкиім сұранысқа иеӨңірлердің мәліметінше, акциялар кезінде сатып алушылар күзгі-қысқы киімдерге ерекше қызығушылық танытуда. Сұранысқа ие тауарлар қатарында маусымаралық күртелер, пальтолар, джинсы шалбарлар, жемпірлер, спорттық костюмдер мен аяқкиімдер бар.Мәселен, Алматыда маусымаралық күртелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге ұсынылуда.Астанада балалар күртелеріне 40%, парфюмерияға 40%, ал аяқкиімнің жекелеген үлгілеріне 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.Қостанай облысында балалар күртелері мен комбинезондарының кейбір үлгілеріне, сондай-ақ парфюмерияға 50%-ға дейін жеңілдік жасалған. Атырау облысындағы сауда орталықтары киім, аяқкиім және аксессуарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынып отыр.Шымкент қаласындағы сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда киім сатылымы 18%-ға, аяқкиім 16%-ға, ал аксессуарлар 15%-ға артқан.Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарларBereke Fest акциясы аясында сатып алушылар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды белсенді түрде сатып алуда. Өңірлердің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің ішінде күнбағыс майы, ұн, қант, жарма, сүт өнімдері мен жұмыртқаға сұраныс жоғары.Ұлытау облысындағы супермаркеттерінің мәліметінше акция кезінде сатылым көлемі 20%-ға артқан.Алматы облысында Magnum, Small және Toimart сауда желілерінде сүт өнімдеріне, макаронға, күнбағыс майына, кондитерлік өнімдерге және басқа да тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Өңір ұсынған мәліметке сәйкес, акцияға қатысушы сауда нысандарының орташа тауар айналымы 20–25%-ға өскен.Павлодар облысында сұранысқа ие азық-түлік тауарларының қатарында күнбағыс майы, қант, ұн, жұмыртқа, күріш және қарақұмық жармасы аталған. Азық-түлік тауарларына жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.Тұрмыстық тауарлар мен балаларға арналған өнімдерге де сұраныс жоғарыАзық-түлікпен қатар сатып алушылар тұрмыстық химия, жеке гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды да сатып алуда.Астанада кір жуғыш ұнтақтардың жекелеген түрлеріне 45%-ға дейін, кір жууға арналған гельдерге 32%-ға дейін, ал ыдыс жуғыш құралдарға 30%-ға дейін жеңілдік ұсынылуда.Шымкенттегі сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда жөргектердің сатылымы 25%-ға, балалар тағамы 30%-ға, сұйық сабын 15%-ға 10%-ға артқан.Қарағанды облысында да жекелеген тұрмыстық тауарлардың сатылымы өскен. Атап айтқанда, кір жууға арналған гельдердің сатылымы 20%-ға, сұйық сабын 18%-ға ұлғайған.Сонымен қатар Republic Day акциясы аясында сатып алушылар тұрмыстық техникаға, электроникаға және үйге қажетті тауарларға қызығушылық танытуда. Алматы облысындағы сауда нысандарында тұрмыстық техниканың жекелеген түрлеріне 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.Айта кетейік, Republic Day акциясы сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда орталықтары мен сауда үйлерін қамтыса, Bereke Fest акциясы сауда желілерінде өтеді. Мерекелік акцияларға қазақстандық маркетплейстер де қосылып, сатып алушыларға тауарлардың түрлі санаттары бойынша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар әзірледі.Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық акцияларды ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Мерекелік ұсыныстар 27 қазанды қоса алғанға дейін жүргізіледі. Жеңілдіктердің нақты мөлшері мен тауарлар тізімін акцияға қатысушы сауда нысандары белгілейді.
https://sputnik.kz/20261019/republic-day-astanada-zhenildikter-onkundigi-bastaldy-67708240.html
https://sputnik.kz/20261017/sauda-ministrligi-respublika-kunine-oray-zhenildikter-nauqany-bastalganyn-khabarlady-67668049.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_f9cedc453060056455c5389fa030684b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
республикалық акция, жеңілдіктер
республикалық акция, жеңілдіктер
Republic Day: қазақстандықтар жеңілдіктер онкүндігінде қандай тауарларды сатып алып жатыр
Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
17-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі сауда орталықтары мен сауда желілері азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға жеңілдіктер ұсынsg ;fnsh Өңірлердің мәліметінше, маусымдық киім мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, балаларға арналған тауарлар және тұрмыстық техника жоғары сұранысқа ие.
Мерекелік акцияларға барлығы 649 сауда нысаны қосылды. Оның 232-сі Republic Day, ал 417-сі Bereke Fest акциясына қатысуда. Жеңілдік мөлшері сауда нысаны мен тауар санатына байланысты. Жекелеген дүкендерде жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.
Маусымдық киім мен аяқкиім сұранысқа ие
Өңірлердің мәліметінше, акциялар кезінде сатып алушылар күзгі-қысқы киімдерге ерекше қызығушылық танытуда. Сұранысқа ие тауарлар қатарында маусымаралық күртелер, пальтолар, джинсы шалбарлар, жемпірлер, спорттық костюмдер мен аяқкиімдер бар.
Мәселен, Алматыда маусымаралық күртелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге ұсынылуда.
Астанада балалар күртелеріне 40%, парфюмерияға 40%, ал аяқкиімнің жекелеген үлгілеріне 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
Қостанай облысында балалар күртелері мен комбинезондарының кейбір үлгілеріне, сондай-ақ парфюмерияға 50%-ға дейін жеңілдік жасалған. Атырау облысындағы сауда орталықтары киім, аяқкиім және аксессуарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынып отыр.
Шымкент қаласындағы сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда киім сатылымы 18%-ға, аяқкиім 16%-ға, ал аксессуарлар 15%-ға артқан.
Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарлар
Bereke Fest акциясы аясында сатып алушылар азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды белсенді түрде сатып алуда. Өңірлердің мәліметінше, азық-түлік өнімдерінің ішінде күнбағыс майы, ұн, қант, жарма, сүт өнімдері мен жұмыртқаға сұраныс жоғары.
Ұлытау облысындағы супермаркеттерінің мәліметінше акция кезінде сатылым көлемі 20%-ға артқан.
Алматы облысында Magnum, Small және Toimart сауда желілерінде сүт өнімдеріне, макаронға, күнбағыс майына, кондитерлік өнімдерге және басқа да тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Өңір ұсынған мәліметке сәйкес, акцияға қатысушы сауда нысандарының орташа тауар айналымы 20–25%-ға өскен.
Павлодар облысында сұранысқа ие азық-түлік тауарларының қатарында күнбағыс майы, қант, ұн, жұмыртқа, күріш және қарақұмық жармасы аталған. Азық-түлік тауарларына жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.
Тұрмыстық тауарлар мен балаларға арналған өнімдерге де сұраныс жоғары
Азық-түлікпен қатар сатып алушылар тұрмыстық химия, жеке гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды да сатып алуда.
Астанада кір жуғыш ұнтақтардың жекелеген түрлеріне 45%-ға дейін, кір жууға арналған гельдерге 32%-ға дейін, ал ыдыс жуғыш құралдарға 30%-ға дейін жеңілдік ұсынылуда.
Шымкенттегі сауда нысандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда жөргектердің сатылымы 25%-ға, балалар тағамы 30%-ға, сұйық сабын 15%-ға 10%-ға артқан.
Қарағанды облысында да жекелеген тұрмыстық тауарлардың сатылымы өскен. Атап айтқанда, кір жууға арналған гельдердің сатылымы 20%-ға, сұйық сабын 18%-ға ұлғайған.
Сонымен қатар Republic Day акциясы аясында сатып алушылар тұрмыстық техникаға, электроникаға және үйге қажетті тауарларға қызығушылық танытуда. Алматы облысындағы сауда нысандарында тұрмыстық техниканың жекелеген түрлеріне 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Айта кетейік, Republic Day акциясы сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда орталықтары мен сауда үйлерін қамтыса, Bereke Fest акциясы сауда желілерінде өтеді. Мерекелік акцияларға қазақстандық маркетплейстер де қосылып, сатып алушыларға тауарлардың түрлі санаттары бойынша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар әзірледі.
Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық акцияларды ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мерекелік ұсыныстар 27 қазанды қоса алғанға дейін жүргізіледі. Жеңілдіктердің нақты мөлшері мен тауарлар тізімін акцияға қатысушы сауда нысандары белгілейді.