https://sputnik.kz/20261017/sauda-ministrligi-respublika-kunine-oray-zhenildikter-nauqany-bastalganyn-khabarlady-67668049.html
Сауда министрлігі Республика күніне орай жеңілдіктер науқаны басталғанын хабарлады
Сауда министрлігі Республика күніне орай жеңілдіктер науқаны басталғанын хабарлады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды 17.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-17T10:44+0500
2026-10-17T10:44+0500
2026-10-17T10:44+0500
мереке
жеңілдіктер
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АСТАНА,17 қазан – Sputnik. Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі.17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталды, мұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады.Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымал сауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына "MEGA Silk Way", "Хан Шатыр", Алматыда "MEGA Alma-Ata", "MEGA Park" және "Forum Almaty", Шымкентте - "Mega Planet" пен "Shymkent Plaza" сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар "Magnum", "SMALL", "Астықжан" және "GraMad" сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады."Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап, өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды", - дейді министрлік. Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мереке, жеңілдіктер
Сауда министрлігі Республика күніне орай жеңілдіктер науқаны басталғанын хабарлады
Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
АСТАНА,17 қазан – Sputnik. Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталды, мұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады.
"Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болады деп күтілуде. Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелік жеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді. Тұтынушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады", - делінген хабарламада.
Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымал сауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына "MEGA Silk Way", "Хан Шатыр", Алматыда "MEGA Alma-Ata", "MEGA Park" және "Forum Almaty", Шымкентте - "Mega Planet" пен "Shymkent Plaza" сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар "Magnum", "SMALL", "Астықжан" және "GraMad" сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады.
"Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап, өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды", - дейді министрлік.
Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.