Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

© Photo : Акимат ЖезказганаПродовольственные товары
Продовольственные товары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Астанада Республика күніне орай "Republic Day" және "Bereke Fest" акциялары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 17-27 қазан аралығында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады.
"Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді. Бұл күндері елорданың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар ұйымдастырылады", - делінген ресми хабарламада.
Republic Day" мен "Bereke Fest" республикалық акцияларына қатысып жатқан сауда орталықтарының тізімін мына жерден көруге болады.
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады - инфографика - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Инфографика
Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады - инфографика
Жаңалықтар
0