Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Жылдық инфляция он екі ай бойы төмендеп, қыркүйекте 9,3%-ға дейін түсті
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады.
Базалық мөлшерлеме 16,25%-дан 15,75%-ға төмендеді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, маусым айында ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 проценттен 17-ге дейін төмендеткен.
Шілде айында 16,75 процентке, қыркүйекте 16,25 процентке дейін төмендеткен болатын. Осы жолы бірден 0,5 тармаққа төмендетіп отыр.
Жылдық инфляция он екі ай бойы төмендеп, ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен теңге бағамының қолайлы динамикасы жағдайында 2026 жылғы қыркүйекте 9,3% болды.
Баға қысымы әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ал сын-қатер теңгерімі проинфляциялық жаққа қарай ауысқан. Жыл соңына қарай реттелетін тарифтер бойынша 2025 жылғы төмен база әсерінен жылдық инфляция біршама жеделдеуі мүмкін, дейді Ұлттық банк.
Здание Нацбанка Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы төмендеді
Жаңалықтар
0