Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы төмендеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗдание Нацбанка Казахстана в Астане
Здание Нацбанка Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% деңгейіне жетті
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуге шешім қабылдады.
Қазақстанда инфляция төмендеп келеді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% деңгейіне жетті.
Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеген. Ал айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 проценттен 17-ге дейін төмендеткен болатын.
Пайыз белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттерге қалай әсер ететінін айтты
Жаңалықтар
0