Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттерге қалай әсер ететінін айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПайыз белгісі
Пайыз белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жазылу
Қазір инфляцияның нақты көрсеткіші 10,4 процент болып тұр
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме түскеннен кейін депозиттердің табысы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін банк базалық мөлшерлемені 17 процентке дейін төмендетуге шешім шығарды. Сүлейменовтың айтуынша, алдағы уақытта депозиттердің мөлшерлемесі де шамамен бір процентке төмендейді.

"Бізде инфляцияның нақты көрсеткіші 10,4 процент болып тұр. Ал депозиттердің мөлшерлемесі шамамен 19–20 процент. Осыдан кейін 1 процентке төмендесе де, инфляцияны артығымен жауып отыр. Сондықтан депозиттер әлі де тиімді болып тұр", - деді Сүлейменов Астанадағы брифингте.

Осы орайда банк төрағасы базалық мөлшерлемені төмендетудің тиімді тұсын да айтты. Бүгінде депозиттер банктердің қор базасын қалыптастырып отыр.
"Ал қор базасы арзан болған сайын кредиттерді де арзанға беруге болады", - деді Сүлейменов.
Оның ойынша, базалық мөлшерлеме 1 процентке ғана төмендеп отыр. Сондықтан кредиттер жаппай арзандайды деп айту қиын.
Инвестиции, недвижимость - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
2027 жылдан бастап ипотеканы төмен мөлшерлемемен рәсімдеуге болады
Жаңалықтар
0