https://sputnik.kz/20260605/2027-zhyldan-bastap-ipotekany-tomen-molsherlememen-rasimdeuge-bolady-63952840.html
2027 жылдан бастап ипотеканы төмен мөлшерлемемен рәсімдеуге болады
2027 жылдан бастап ипотеканы төмен мөлшерлемемен рәсімдеуге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотеканың шекті мөлшерлемесі енгізудің мерзімін белгіледі , деп хабарлайды Sputnik... 05.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-05T17:29+0500
2026-06-05T17:29+0500
2026-06-05T17:29+0500
баспана
ипотека
мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/1253/41/12534108_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_e978f1db7a275e5f8ff235a09e0c2ce3.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотеканың шекті мөлшерлемесі енгізудің мерзімін белгіледі , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Агенттік пен ұлттық банк бірлескен қаулының жобасын әзірледі. Оған сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері белгіленеді. Бірақ оны есептеу кезінде қарыз мөлшері мен кепіл құны ескеріліп, екеуінің арақатынасы бойынша нақты коэффициент (Loan-to-Value, LTV) болады.LTV индикаторы ипотекалық қарыз сомасының кепілмен қамтамасыз ету құнына қатынасын көрсетеді және ипотекалық кредит берудегі кредиттік тәуекелдің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш сатып қарыз алушының бастапқы жарнасының мөлшеріне де байланысты болады.Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шектері:Осылайша, ипотеканың бастапқы жарнасы оның құнының кемінде 30 процентті құраса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, яғни қарыздың құны төмен болады."Бұл ретте 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-нің шекті мөлшері қолданыстағы деңгейде – 25% болып сақталады", - делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20260415/ipotekany-tomen-protsentpen-aluga-bolady--negizgi-talap-zhariyalandy-62683643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1253/41/12534108_14:0:1721:1280_1920x0_80_0_0_87f1e7839e04d75428ce1c75576e77c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, ипотека, мөлшерлеме
баспана, ипотека, мөлшерлеме
2027 жылдан бастап ипотеканы төмен мөлшерлемемен рәсімдеуге болады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотеканың шекті мөлшерлемесі енгізудің мерзімін белгіледі , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Агенттік пен ұлттық банк бірлескен қаулының жобасын әзірледі. Оған сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері белгіленеді. Бірақ оны есептеу кезінде қарыз мөлшері мен кепіл құны ескеріліп, екеуінің арақатынасы бойынша нақты коэффициент (Loan-to-Value, LTV) болады.
LTV индикаторы ипотекалық қарыз сомасының кепілмен қамтамасыз ету құнына қатынасын көрсетеді және ипотекалық кредит берудегі кредиттік тәуекелдің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш сатып қарыз алушының бастапқы жарнасының мөлшеріне де байланысты болады.
"Бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, LTV мәні, қарыз қаражатының үлесі және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредиттік тәуекел деңгейі соғұрлым төмен болады",- дейді агенттік мамандары.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шектері:
LTV мәні қоса алғанда 0,7-ге дейін 20%-ға дейін;
LTV мәні 0,7-ден жоғары болған кезде 25%-ға дейін.
Осылайша, ипотеканың бастапқы жарнасы оның құнының кемінде 30 процентті құраса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, яғни қарыздың құны төмен болады.
"Бұл ретте 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-нің шекті мөлшері қолданыстағы деңгейде – 25% болып сақталады", - делінген ресми хабарламада.