https://sputnik.kz/20260605/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemege-qatysty-sheshim-qabyldady-63944615.html
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
Sputnik Қазақстан
Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді 05.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-05T12:17+0500
2026-06-05T12:17+0500
2026-06-05T12:33+0500
базалық мөлшерлеме
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62928457_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_a8de41a0730073bb4b8fe1120559c679.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға төмендетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жылдық инфляцияның баяулау үрдісі жалғасып келеді. Өткен жылғы қыркүйектегі ең жоғары мән – 12,9%-дан 2,5 пайыздық тармаққа төмендеп, биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 10,4% болды.Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсу қарқыны (11,7%) бұрынғы деңгейінде сақталды. Бұл бағытқа теңге бағамының нығаюы мен тұтынушылық кредиттеудің бәсеңдеуі салдарынан сұраныстың тұрақтану белгілері әсер етті.Көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі де сұраныстың тұрақтануы мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері өсімінің бәсеңдеуінен баяулап, 8,7%-ды құрады.Мамыр айында айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулады (сәуірде – 0,8%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да 0,7%-ға дейін төмендеді.Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
https://sputnik.kz/20260602/zeynetaqy-zhuyesin-reformalaudyn-ush-nusqasy-qarastyrylyp-zhatyr-63876215.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62928457_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_321e9e1f1b03307784e2bd8e5883d6e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады
12:17 05.06.2026 (жаңартылды: 12:33 05.06.2026) Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға төмендетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жылдық инфляцияның баяулау үрдісі жалғасып келеді. Өткен жылғы қыркүйектегі ең жоғары мән – 12,9%-дан 2,5 пайыздық тармаққа төмендеп, биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 10,4% болды.
"Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді. Бұған жеміс-жидек пен көкөніс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жекелеген импорттық тауарлар бағасы өсімінің баяулауы себеп болды", - деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.
Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсу қарқыны (11,7%) бұрынғы деңгейінде сақталды. Бұл бағытқа теңге бағамының нығаюы мен тұтынушылық кредиттеудің бәсеңдеуі салдарынан сұраныстың тұрақтану белгілері әсер етті.
Көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі де сұраныстың тұрақтануы мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері өсімінің бәсеңдеуінен баяулап, 8,7%-ды құрады.
Мамыр айында айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулады (сәуірде – 0,8%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да 0,7%-ға дейін төмендеді.
Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.