https://sputnik.kz/20260602/zeynetaqy-zhuyesin-reformalaudyn-ush-nusqasy-qarastyrylyp-zhatyr-63876215.html
Зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы қарастырылып жатыр
Зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы қарастырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "4+1" жобасын ұсынып отыр 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T13:53+0500
2026-06-02T13:53+0500
2026-06-02T13:53+0500
зейнет жасы
зейнетақы мөлшері қалай өзгерді
зейнетақы қоры
зейнетақы жинағы
базалық зейнетақы
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы талқыланып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта зейнетке шығу жасын өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Алайда зейнетақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше ұсынысты жұмыс топтары талқылап жатыр.Оның айтуынша, осы айдың соңына дейін қандай бастаманың таңдалатыны белгілі болады.Айта кетері, "4+1" жобасы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына қатысты. Ұсыныс бойынша жарнаның 4 пайызы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылса, 1 пайызы ортақ сақтандыру қорына бағытталады. Бұл тетік зейнеткерлердің 80 жастан кейінгі төлемдерінің төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді деген болжам бар.Ал сенатор Амангелді Нұғмановтың пікірінше, Қазақстанда азаматтарды жасына қарай емес, еңбек өтіліне қарай зейнетке шығару жүйесіне кезең-кезеңімен көшу қажет.
https://sputnik.kz/20260602/zeynetaqy-zhinagyn-paydalanudyn-zhanartylgan-adistemesi-qashan-zhariyalanady-63873494.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы, зейнетақы мөлшері қалай өзгерді, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, базалық зейнетақы, зейнетақы
зейнет жасы, зейнетақы мөлшері қалай өзгерді, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, базалық зейнетақы, зейнетақы
Зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы қарастырылып жатыр
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "4+1" жобасын ұсынып отыр
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы талқыланып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта зейнетке шығу жасын өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Алайда зейнетақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше ұсынысты жұмыс топтары талқылап жатыр.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "4+1" жобасын ұсынып отыр. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сақтандыру зейнетақысын енгізу қажет деп санайды. Ал сенатор Амангелді Нұғманов 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтарға мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік беруді ұсынды. Осы үш жоба жұмыс топтарының отырыстарында қарастырылып жатыр", – деді Ертаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, осы айдың соңына дейін қандай бастаманың таңдалатыны белгілі болады.
Айта кетері, "4+1" жобасы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына қатысты. Ұсыныс бойынша жарнаның 4 пайызы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылса, 1 пайызы ортақ сақтандыру қорына бағытталады. Бұл тетік зейнеткерлердің 80 жастан кейінгі төлемдерінің төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді деген болжам бар.
Ал сенатор Амангелді Нұғмановтың пікірінше, Қазақстанда азаматтарды жасына қарай емес, еңбек өтіліне қарай зейнетке шығару жүйесіне
кезең-кезеңімен көшу қажет.