Зейнетақы жинағын пайдаланудың ең төменгі шегі қашан белгілі болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Жаңа шек 10 күннің ішінде жарияланады
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі шегі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін үкімет зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану ережесінің жаңартылған нұсқасын бекіткен болатын. Оған сәйкес, жеткіліктілік шегі қайта есептеледі.
"Жаңа шек 10 күннің ішінде жарияланады", – деді Ертаев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жаңа ережені үкімет бекіткен, ал есептеуді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізеді. Азаматтардың жасына байланысты есептелген жаңа жеткіліктілік шегін де осы қор жариялайды.
Айта кетері, бұған дейін жеткіліктілік шегін есептеудің нақты талабы жарияланған болатын. Есепшоттағы жинақ сомасы болжамды инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа жоғары болуға тиіс.
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Үкімет зейнетақы жинағының ең төменгі шегін есептеудің жаңартылған әдістемесін бекітті
Жаңалықтар
0