https://sputnik.kz/20260402/zhasyna-emes-enbek-otiline-qaray-senator-zeynetaqy-zhuyesin-ozgertudi-usyndy-62356648.html
"Жасына емес, еңбек өтіліне қарай": сенатор зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынды
"Жасына емес, еңбек өтіліне қарай": сенатор зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Сонда адам қажетті еңбек өтіліне жеткен кезде зейнетке шығатын уақытты өзі анықтай алады 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T12:55+0500
2026-04-02T12:55+0500
2026-04-02T12:56+0500
зейнетақы
сенат
депутат
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3db2e50f1e3d14411294ee25d61ae8d8.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Сенатта зейнетақы жүйесін өзгерту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары палата депутаты Амангелді Нұғмановтың айтуынша, бүгінде жасына қарай емес, еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу жүйесіне біртіндеп көшетін кез келді. Бүгінде қорғаныс, ішкі істер мен арнаулы органдар саласында ондай жүйе бар. Оны барлық салаға енгізуге болады.Оның ойынша, бұл реформаның арқасында жұмыссыздық төмендейді. Себебі адамдар қажетті еңбек өтілін жинап, зейнетке шығуға тырысады. Масылдық психология да азаяды. Бұдан бөлек, сенаторлар денсаулыққа байланысты зейнетке мерзімінен бұрын шығу тетіктерін ойластыру қажет деп санайды. Мәселен, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен аурулардың тізімі бойынша зейнетке мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік беруге болады."Осы ұсыныстарды жан-жақты зерделеу мақсатында ведомствоаралық топты құрған дұрыс деп санаймын. Оған құзіретті мемлекеттік органдар, сарапшылар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері кіруі керек", - деді сенатор.Нұғманов депутаттық сауалын және барлық ұсынысты үкімет басшысына жолдады.
https://sputnik.kz/20260401/suleymenov-zeynetaqy-zhinagyn-qalay-eki-ese-kobeytuge-bolatynyn-aytty-62327204.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_61f1d6fee193a4f09422f69b0414dcab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, сенат, депутат
зейнетақы, сенат, депутат
"Жасына емес, еңбек өтіліне қарай": сенатор зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынды
12:55 02.04.2026 (жаңартылды: 12:56 02.04.2026) Сонда адам қажетті еңбек өтіліне жеткен кезде зейнетке шығатын уақытты өзі анықтай алады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Сенатта зейнетақы жүйесін өзгерту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палата депутаты Амангелді Нұғмановтың айтуынша, бүгінде жасына қарай емес, еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу жүйесіне біртіндеп көшетін кез келді. Бүгінде қорғаныс, ішкі істер мен арнаулы органдар саласында ондай жүйе бар. Оны барлық салаға енгізуге болады.
"Сонда адам қажетті еңбек өтіліне жеткен кезде зейнетке шығатын уақытты өзі анықтай алады. Осы шешімі үшін экономикалық жауапкершілікті де өз мойнына алады", - деді Нұғманов сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның ойынша, бұл реформаның арқасында жұмыссыздық төмендейді. Себебі адамдар қажетті еңбек өтілін жинап, зейнетке шығуға тырысады. Масылдық психология да азаяды. Бұдан бөлек, сенаторлар денсаулыққа байланысты зейнетке мерзімінен бұрын шығу тетіктерін ойластыру қажет деп санайды. Мәселен, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен аурулардың тізімі бойынша зейнетке мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік беруге болады.
"Осы ұсыныстарды жан-жақты зерделеу мақсатында ведомствоаралық топты құрған дұрыс деп санаймын. Оған құзіретті мемлекеттік органдар, сарапшылар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері кіруі керек", - деді сенатор.
Нұғманов депутаттық сауалын және барлық ұсынысты үкімет басшысына жолдады.