https://sputnik.kz/20261015/pavlodarda-alty-oqushy-zhagymsyz-iisten-ulanyp-qaldy-67623005.html
Павлодарда алты оқушы жағымсыз иістен уланып қалды
Павлодарда алты оқушы жағымсыз иістен уланып қалды
Sputnik Қазақстан
Олардың барлығын кезекші педиатр тексерді 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T22:13+0500
2026-10-15T22:13+0500
2026-10-15T22:13+0500
павлодар
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65840687_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4f5a8f88454b667f08d62c0b1609b450.jpg
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде алты оқушының денсаулығы сыр берді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.Оқиға 12 қазанда болған. Оқу кабинеттерінің бірінде жағымсыз иіс болған.Мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданған.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар ауруханаға жатқызылмаған.Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде 48 оқушы астан уланып, ауруханаға түскен болатын. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.Сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған мектепте санитариялық талаптардың сақталмағанын хабарлады.
https://sputnik.kz/20261014/almatyda-47-oqushy-ulanyp-qaldy-politsiya-qylmystyq-is-qozgady-67576656.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/14/65840687_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ab82bead42f7f6414ee24cdbaf2f018c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, оқушы
Павлодарда алты оқушы жағымсыз иістен уланып қалды
Олардың барлығын кезекші педиатр тексерді
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде алты оқушының денсаулығы сыр берді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Оқиға 12 қазанда болған. Оқу кабинеттерінің бірінде жағымсыз иіс болған.
"Сабақтан кейін алты оқушы өзін жайсыз сезінген. Тексеру нәтижелері бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", - деп хабарлады білім басқармасы.
Мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар ауруханаға жатқызылмаған.
"12 қазанда Павлодар облыстық балалар ауруханасына жағымсыз иістен уланды деген күдікпен үш бала жеткізілді. Олардың барлығын кезекші педиатр тексерді. Ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілімдер болмағандықтан, балалар амбулаториялық емге жіберілді. Ата-аналарына қажетті ұсыныстар берілді", - деп хабарлады дәрігерлер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде 48 оқушы астан уланып,
ауруханаға түскен болатын. Оқиғаға байланысты полиция
қылмыстық іс қозғады.Сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған мектепте санитариялық талаптардың сақталмағанын
хабарлады.