https://sputnik.kz/20261014/oqushylar-astan-ulangan-mektepte-sanitarlyq-talaptar-saqtalmagan-67578941.html
Оқушылар астан уланған мектепте санитарлық талаптар сақталмаған
Оқушылар астан уланған мектепте санитарлық талаптар сақталмаған
Sputnik Қазақстан
Азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптары сақталмаған 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T14:58+0500
2026-10-14T14:58+0500
2026-10-14T14:58+0500
алматы
улану
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553774_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e06cb8f4b5a3cae13f5497cb77556794.jpg
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматы қаласындағы мектепте ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде жіті ішек инфекциясын жұқтырған 48 оқушы ауруханаға түсті.Санитарлық талаптар сақталмағанЭпидемиологиялық тергеу деректеріне сәйкес, науқастардың барлығы мектеп-интернатта тұрады. 225 байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды, тағы 6 бала интернатта оқшауланды."Master Food" ЖШС-нің ас блогын тексеру барысында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптары сақталмаған. Су мен тамақ өнімдерінің сынамалары, шайындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілді", - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.Мектеп пен асхананың қызметіне қатысты 5 қаулы шығарылды:Интернат ғимаратында дезинфекция жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар қарау және процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.Еске сала кетейік, Алматыдағы танымал білім ошағында оқушылар жаппай уланып қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20261014/almatyda-47-oqushy-ulanyp-qaldy-politsiya-qylmystyq-is-qozgady-67576656.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553774_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2b9f736c32638060418a1b6080ff57ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, улану
Оқушылар астан уланған мектепте санитарлық талаптар сақталмаған
Азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптары сақталмаған
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматы қаласындағы мектепте ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде жіті ішек инфекциясын жұқтырған 48 оқушы ауруханаға түсті.
"14 қазандағы жағдай бойынша 48 науқас тіркелді, оның ішінде 36-сы 14 жасқа дейінгі бала. Барлық науқас ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық көмекке мұқтаж науқастар жоқ. Ауру қоздырғышын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр", - дейді комитеті.
Санитарлық талаптар сақталмаған
Эпидемиологиялық тергеу деректеріне сәйкес, науқастардың барлығы мектеп-интернатта тұрады. 225 байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды, тағы 6 бала интернатта оқшауланды.
"Master Food" ЖШС-нің ас блогын тексеру барысында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптары сақталмаған. Су мен тамақ өнімдерінің сынамалары, шайындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілді", - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Мектеп пен асхананың қызметіне қатысты 5 қаулы шығарылды:
мектеп пен асхана қызметін тоқту,
жекелеген тағамдарды өткізуді тоқтату,
уақытша санитариялық шараларды енгізу,
қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдерін айналымнан алу.
Интернат ғимаратында дезинфекция жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар қарау және процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Еске сала кетейік, Алматыдағы танымал білім ошағында оқушылар
жаппай уланып қалды. Полиция
қылмыстық іс қозғады.