https://sputnik.kz/20261014/almatyda-47-oqushy-ulanyp-qaldy-politsiya-qylmystyq-is-qozgady-67576656.html
Алматыда 47 оқушы уланып қалды: полиция қылмыстық іс қозғады
Алматыда 47 оқушы уланып қалды: полиция қылмыстық іс қозғады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T13:00+0500
2026-10-14T13:00+0500
2026-10-14T13:00+0500
алматы
оқушы
аурухана
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде оқушылардың жаппай улану дерегіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Бұған дейін мектептің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. 12-13 қазан аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.Оқушылардың неден ауырғаны әзірге нақты анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.
https://sputnik.kz/20261014/almatyda-47-oqushy-aurukhanaga-zhatqyzyldy-67564953.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, оқушы, аурухана
Алматыда 47 оқушы уланып қалды: полиция қылмыстық іс қозғады
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде оқушылардың жаппай улану дерегіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Бұған дейін мектептің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. 12-13 қазан аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
"Бостандық аудандық полиция басқармасының бөлімшесінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тексеру нәтижелері негізінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Оқушылардың неден ауырғаны әзірге нақты анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.