https://sputnik.kz/20260924/nuraydyn-olimi-apellyatsiyalyq-sot-ukimdi-ozgerissiz-qaldyrdy-66984268.html
Нұрайдың өлімі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Нұрайдың өлімі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Sputnik Қазақстан
Ш.Аймахан "Аса қатыгездікпен адам өлтіру", "Сталкинг - адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду", "Некеге тұруға мәжбүрлеу" баптары бойынша кінәлі деп... 24.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-24T16:10+0500
2026-09-24T16:10+0500
2026-09-24T16:12+0500
шымкент
сот үкімі
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Нұрайды өлтірген Шерхан Аймаханның шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Шымкент соты.Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерхан Аймаханға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.Сотталғанның адвокаттары өз шағымдарында үкімді өзгертіп, Ш.Аймаханды Қылмыстық Кодекстің 125-1-бабының 1-бөлігімен "сталкинг" бойынша ақтауды, 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтiру" бойынша кінәлі деп танып, оған қатысты әділ жаза тағайындауды сұраған.Прокурор үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.Сот актісі заңды күшіне енді.Ш.Аймахан Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен "Аса қатыгездікпен адам өлтіру", 115-1-бабымен "Сталкинг - адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду", 125-1-бабының 1-бөлігімен "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп танылып, ол қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды.Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн теңге және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірілген.Үкіммен келіспеген жәбірленушінің және сотталғанның адвокаттары апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.Жәбірленуші тарап өз шағымында моральдық зиянды 25 млн теңгеден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.
https://sputnik.kz/20260430/nuraydyn-olimine-qatysty-kudiktinin-aqyl-esi-durys-dep-tanyldy-63095238.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сот үкімі, қылмыстық іс
шымкент, сот үкімі, қылмыстық іс
Нұрайдың өлімі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
16:10 24.09.2026 (жаңартылды: 16:12 24.09.2026) Ш.Аймахан "Аса қатыгездікпен адам өлтіру", "Сталкинг - адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду", "Некеге тұруға мәжбүрлеу" баптары бойынша кінәлі деп танылып, ол қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Нұрайды өлтірген Шерхан Аймаханның шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Шымкент соты.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерхан Аймаханға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
Сотталғанның адвокаттары өз шағымдарында үкімді өзгертіп, Ш.Аймаханды Қылмыстық Кодекстің 125-1-бабының 1-бөлігімен "сталкинг" бойынша ақтауды, 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтiру" бойынша кінәлі деп танып, оған қатысты әділ жаза тағайындауды сұраған.
Прокурор үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
"Алқа істі қарап, бірінші сатыдағы соттың Ш.Аймаханның кінәлі екені туралы тұжырымдарымен келісті. Іс бойынша қабылданған сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге ҚПК-нің 433-бабында көрсетілген негіздер анықталмады. Сол себепті, 2026 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды", - дейді сотта.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Ш.Аймахан Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен "Аса қатыгездікпен адам өлтіру", 115-1-бабымен "Сталкинг - адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду", 125-1-бабының 1-бөлігімен "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп танылып, ол қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына
бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн теңге және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірілген.
Үкіммен келіспеген жәбірленушінің және сотталғанның адвокаттары апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.
Жәбірленуші тарап өз шағымында моральдық зиянды 25 млн теңгеден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.