Нұрайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Жазылу
Осы айдың басында күдікті психиатариялық клиникаға жатқызылғаны белгілі болды
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
Сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп танылған.
"Күдікті ақыл-есі дұрыс адам ретінде заң алдында жауап береді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын", - деді Әділов.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтіріп кеткен. Осы айдың басында күдікті психиатариялық клиникаға жатқызылғаны белгілі болды.
Себебі екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.
Полицияның айтуынша, тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Нұрайдың өлімі: президент тапсырма берді
Жаңалықтар
0