https://sputnik.kz/20260813/nuraydyn-olimi-kudikti-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-65699349.html
Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Марқұм абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T19:37+0500
2026-08-13T19:37+0500
2026-08-13T20:54+0500
шымкент
пышақтап өлтірді
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_0c141bdaa5b679419a1e1e581dd0cb20.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Шымкентте Нұрай Серікбайды асқан қатыгездікпен өлтірген ар адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.Қылмыстық іс ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігі (некеге тұруға мәжбүрлеу), 115-1-бабы (сталкинг-адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду), 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (аса қатыгездікпен адам өлтіру)баптарымен бойынша сотта қаралды.35 рет пышақтағанСотта анықталғандай, 2025 жылғы 4 қазанда сотталушы Нұрай Серікбайды Алматы қаласынан Шымкентке қаласы бағытында автокөлігімен алып шығып, жолға шыққан. Сотталушы жәбірленушіге "қарсыласқан жағдайда немесе басқа да әрекет жасайтын болсаң екеуміз жол-көлік апатына түсеміз" деп қорқытқан. Осылайша оны Шымкент қаласындағы үйіне алып келіп, жәбірленушінің қарсылығына қарамай, қолындағы ұялы телефонын тартып алған және еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеген. Алайда, сол күні жәбірленушінің ағасы қарындасы өз еркімен келмегенін біліп, оны алып кеткен.2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында сотталушы Нұрайға саябаққа серуендеп келу туралы ұсыныс жасаған. Марқұм бұл ұсыныстан бас тартқан. Бірақ сотталушы бұл жауапқа намыстанып, Нұрайға алдын-ала дайындап келген пышақпен соққы жасаған. Сол кезде ол оқиға орнына келген адамды байқап, өзінің іс-әрекетін тоқтатып, 5-6 метр жерге дейін қашып кеткен. Алайда оқиға орнына қайтып келіп, жерде жатқан Нұрайды куәнің көзінше қайтадан көп рет пышақтаған. Сонымен сотталушы марқұмды жалпы 35 рет пышақтаған.Сот үкіміПрокурор сотталушыға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісті.Сотталушы өзінің іс-әрекетін ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралап, ең төменгі жаза тағайындауды, ал ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен ақтауды сұраған.Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260430/nuraydyn-olimine-qatysty-kudiktinin-aqyl-esi-durys-dep-tanyldy-63095238.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_be26900cbf0a3ce4f62c48163b317c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, пышақтап өлтірді, сот үкімі
шымкент, пышақтап өлтірді, сот үкімі
Нұрайдың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
19:37 13.08.2026 (жаңартылды: 20:54 13.08.2026) Марқұм абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Шымкентте Нұрай Серікбайды асқан қатыгездікпен өлтірген ар адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.
Қылмыстық іс ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігі (некеге тұруға мәжбүрлеу), 115-1-бабы (сталкинг-адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду), 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (аса қатыгездікпен адам өлтіру)баптарымен бойынша сотта қаралды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 4 қазанда сотталушы Нұрай Серікбайды Алматы қаласынан Шымкентке қаласы бағытында автокөлігімен алып шығып, жолға шыққан. Сотталушы жәбірленушіге "қарсыласқан жағдайда немесе басқа да әрекет жасайтын болсаң екеуміз жол-көлік апатына түсеміз" деп қорқытқан. Осылайша оны Шымкент қаласындағы үйіне алып келіп, жәбірленушінің қарсылығына қарамай, қолындағы ұялы телефонын тартып алған және еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеген. Алайда, сол күні жәбірленушінің ағасы қарындасы өз еркімен келмегенін біліп, оны алып кеткен.
"2025 жылдың қазан-қараша айларының аралығында сотталушы жәбірленушінің Алматы қаласында уақытша жалдап тұрған пәтеріне және Шымкент қаласындағы орналасқан үйіне бірнеше рет іздеп барып, аңдып, оған телефонына бірнеше рет қоңырау соғып, онымен еркінен тыс қарым-қатынас жасауға тырысқан. Жәбірленуші абоненттік номерін басқа номерге ауыстырғанына қарамастан, сотталушы жаңа абоненттік номерін анықтап, жәбірленушіге тағы да көп рет қоңырау соққан", - деп хабарлады сотта.
2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында сотталушы Нұрайға саябаққа серуендеп келу туралы ұсыныс жасаған. Марқұм бұл ұсыныстан бас тартқан. Бірақ сотталушы бұл жауапқа намыстанып, Нұрайға алдын-ала дайындап келген пышақпен соққы жасаған. Сол кезде ол оқиға орнына келген адамды байқап, өзінің іс-әрекетін тоқтатып, 5-6 метр жерге дейін қашып кеткен. Алайда оқиға орнына қайтып келіп, жерде жатқан Нұрайды куәнің көзінше қайтадан көп рет пышақтаған. Сонымен сотталушы марқұмды жалпы 35 рет пышақтаған.
Прокурор сотталушыға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші прокурордың ұстанымымен келісті.
Сотталушы өзінің іс-әрекетін ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралап, ең төменгі жаза тағайындауды, ал ҚК-нің 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен ақтауды сұраған.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
"Сот А.-ны ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен, 125-1-бабының 1-бөлігімен және 115-1-бабымен кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - дейді сотта.
Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.