Air Astana Дубайға рейстер қашан ұша бастайтынын хабарлады

Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды әуе компаниясы.
Air Astana 1 қазаннан бастап "Алматы - Дубай - Алматы" және 2 қазаннан бастап "Астана - Дубай - Астана" бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

"Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды. "Алматы - Дубай - Алматы" бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін жетеді. "Астана - Дубай - Астана" бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін жетеді", - дейді әуе компаниясында.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстаннан Дубайға ұшатын әуе рейстері бірнеше рет тоқтатылды. Оған Таяу Шығыстағы жағдай себеп болды.
Удвоить число рейсов между Казахстаном и Турцией договорились авиавласти двух стран  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы келісім жасалды
Жаңалықтар
0