https://sputnik.kz/20260817/qazaqstan-men-turkiya-arasyndagy-reyster-sanyn-eki-esege-arttyru-turaly-kelisim-zhasaldy-65778842.html
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы келісім жасалды
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы келісім жасалды
Sputnik Қазақстан
Астана мен Анкара тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті 17.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-17T20:36+0500
2026-08-17T20:36+0500
2026-08-17T20:36+0500
түркия
рейстер
https://sputnik.kz/img/07ea/08/11/65770820_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6021f4cc71f123b6651ffda7b444f13e.jpg
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы екі елдің авиация билігі келісімге келді, деп хабарлады Көлік министрлігі.Екі елдің авиация әкімшіліктері Ыстанбұлда азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.Негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, Анкарадан Астана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуе компаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды, деп атап өтті ведомство.Туристік бағыттар бойынша (Анталия және Бодрум қалаларынан Қазақстан қалаларына) рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.Сонымен қатар тараптар үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындауға уағдаласты.Сондай-ақ Астана мен Анкара азаматтық авиацияның кең ауқымды бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері бар.
https://sputnik.kz/20260707/qytay-men-qyrgyzstanga-zhana-reyster-iske-qosyldy-64720681.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/11/65770820_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_beb037c0e4336146e6bbefaa19d9d79d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, рейстер
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы келісім жасалды
Астана мен Анкара тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын екі есеге арттыру туралы екі елдің авиация билігі келісімге келді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Екі елдің авиация әкімшіліктері Ыстанбұлда азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.
Негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, Анкарадан Астана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуе компаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды, деп атап өтті ведомство.
Туристік бағыттар бойынша (Анталия және Бодрум қалаларынан Қазақстан қалаларына) рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.
"Жоғарыда аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін көбейді. Қалған барлық бағыт бойынша екі тараптың әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік көзделді. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлік көлік байланыстылығын дамытуға жағдай жасайды", - деп атап көрсетілген хабарламада.
Сонымен қатар тараптар үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындауға уағдаласты.
Сондай-ақ Астана мен Анкара азаматтық авиацияның кең ауқымды бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері бар.