Air Astana 21 шілдеден жаздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады
17:28 16.07.2026 (жаңартылды: 17:49 16.07.2026)

© Sputnik / Александр Гальперин
/ Жазылу
21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Дубайға рейстер 21 шілдеден бастап тоқтатылады, деп хабарлайды Air Astana.
"Ормуз шығанағындағы және аймақтағы жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады", - деп жазды әуе компаниясы.
Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады.
Айта кетейік, соңғы бір жарым айда Таяу Шығысқа әуе рейстері осымен үшінші рет тоқтады. Алдымен 1 маусымда тоқтатылды. Ол кезде Алматы мен Астанадан Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарға әуе рейстері 31 шілдеге дейін ұшпайды, деп Air Astana хабарлаған болатын.
Араға бір апта салып, Дубайға жолаушылар ұшағы Пәкістан арқылы ұшады деп жарияланды.
Бір апта өтпей Таяу Шығысқа ұшатын әуе рейстері қайта тоқтады. Бұл кезде де Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтты.
Ал14 шілдеде Air Astana Дубайға әуе рейстері қайта қатынайтынын мәлімдеген болатын.